Баланы неше жасында мектепке берген дұрыс?

Әдетте баланы мектепке берерде әрбір ата-ана «Балам мектепке баруға дайын ба?» деп ойланады. Бір бала зерек болады, енді бірінің қабылдау қабілеті нашарлау болады. Денсаулығында кінәрат болса да баланың оқуға, ойлау қабілетіне әсер етеді. Осы орайда балалар психологының «ауылы» алыс болса, психолог Джеральдина Чейни әзірлеген мынандай сұрақтарға жауап арқылы балаңыздың дайындығын анықтай аласыз.

  1. Бала негізгі  ұғымдарды пайдалана ма? (мысалы: оң\сол, үлкен\кіші, жоғары\төмен, соған\одан және т.б.) Оң көзін, сол құлағын көрсетуін сұраңыз, көздер мен құлақтардың не үшін керек екенін сұраңыз.
  2. Бала жіктей ала ма? Мысалы: дөңгелек және төртбұрышты, үшбұрышты заттарды айтып беру, топ затты бір сөзбен айту (құс,құстар,ағаш,ағаштар,адам,адамдар)
  3. Түстерді айыра ала ма?
  4. Бала ең болмаса 3 нұсқауды сақтап және оны орындай ала ма?Сіз оған «шұлығыңды ки, жуынатын бөлмеге барып бетіңді жу, содан кейін маған сүлгіні алып кел»деп тапсырма беріңіз. Осыларды бұлжытпай ретімен орындай ала ма?
  5. Балаңыз әліпбидегі әріптердің көпшілігін айта ала ма?
  6. Ол көп нәрсені білуге ұмтылып, сұрақты көп қоя ма?
  7. Балаңыз бірдеңеге аса ықылас білдіре ме?
  8. Балаңыз айналасындағы негізгі заттарды танып айта ала ма?
  9. Ересектердің сұрақтарына жауап беру оған қиын емес пе?
  10. Балаңыз әр түрлі заттардың қандай қызмет жасайтынын түсіндіре ала ма? Оған мысалы: «Шаңсорғыш не атқарады? Щетканы не үшін пайдаланамыз? Тоңазытқышта не тұрады?» деген сияқты сұрақтар қойыңыз.

Балаңыз заттардың