Өнерлінің- қолы алтын

 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, ептілік, икемділік, ұқыптылық, тазалық қабілеттерін дамытуға еңбекке баулу сабақтарының орны ерекше. Еңбекке баулу баулу сабақтарын ойын, жарыс, аралас, саяхат сабақ сияқты алуан түрлі әдіс- тәсілдермен өткізуге болады. Ол сабақтардың құрылымы оқушының ой- қиялының, еңбекке қызығушылығының дамуының жолдарын, тәсілдерін ашу керек.

Сабақтың мақсаты:

 1/ Білімділігі: оқушыларға халқымыздың қолөнері жайлы түсініктерін толықтыру. Еңбекке қызығушылығын арттыру.

2/ Дамытушылық: Еңбек тақырыбына байланысты өлең, жұмбақтарды мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық- гигиеналық талаптарын орындату.

3/ Тәрбиелік: Ұлттық өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Материалды үнемдеп ұқыпты жұмыс істеуге және ою- өрнек ерекшеліктерін дұрыс пайдалануға үйрету. 

Сабақтың түрі: Өтілген тарау (матамен жұмыс) бойынша қайталау, сабағы жарыс- сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, буклеттер, газеттер, кітаптар, қайшы, түйме, мата, ине- жіп т. б.  құрал- жабдықтар, таныстыру.