Сабақтың тақырыбы: 11 - ден 20 - ға дейінгі сандар

Сабақтың тақырыбы: 11 - ден 20 - ға дейінгі сандар
Сабақтың мақсаты: - 11 - 20 дейінгі сандарды санап, цифрларды тани білу; гео.фигур. ажырата білу;
- Сандардың ретін, қатарын анықтай алу, бүтін, жарты, ширек ұғымын саналы түрде игеру, 10 саны көлемінде азайту, қосу амалдарын орындау дағдыларын дамыту;
- Ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтастыру, салыстыру, талдау
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ көрнекілігі: сызба қағазы, цифрлар, сиқырлы кесте, геометриялық фигуралар, асықтар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
2. Қызығушылықты ояту
3. мағынаны тану
4. Ой толғау.
1. Психологиялық дайындық: құрметті оқушылар бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сендердің не үйренгендеріңді көргілері келеді: Мен сендер, өте, алғыр жақсы оқушы екендеріңді айттым: Енді менің сенімімді ақтайсыңдар деп ойлаймын. Ондай болса сабағымызды бастайық.
Топқа бөлу. Қане, балалар мынау менің үстелімде әр түрлі пішіндес заттар жатыр осы заттарды бір - бірден алайық. Кімде дөңгелек пішіндес заттар, сол балалар «ДӨҢГЕЛЕК» тобына, кімде төртбұрыш пішініне ұқсас заттар солар «ТӨРТБҰРЫШ» тобына, кімде үшбұрыш пішіндес заттар сол балалар «ҮШБҰРЫШ» тобына орналаса қойыңдар. Әр топты мына асықтармен бағалап отырамыз. Сабақ соңында қай топтың асығы көп, сол топ жеңіске жетеді.
2. Қызығушылықты ояту. Балалар, біз өткен сабақтарда 1 - 1