Сабақтың тақырыбы Жансыз табиғатқа не жатады?

Сабақтың тақырыбы

Жансыз табиғатқа не жатады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.2.1.1. Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау.

Күтілетін нәтиже




Барлық балалар:

• бақылауға қатыса алады;

• жансыз табиғат туралы мағлұмат алады;

• жансыз табиғатқа не жататынын атай алады;

• жансыз табиғат пен жанды табиғаттың айырмашылығын көрсете алады.

Көпшілік балалар:

• жансыз табиғаттың қасиеттерін анықтай алады;

• жансыз табиғаттың табиғаттағы маңызын анықтай алады;

• практикалық жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісінде жансыз табиғат туралы талқылай алады және қорытынды шығара алады.


Тілдік мақсат

Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама

беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Көптілділік: құм – песок – sand

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Табиғат, жансыз табиғат, жансыз заттар мен денелерді бақылау.

Талқылауға арналған сұрақтар.