Тест жумысы

1. Информатика пәнінің қызметі.
А) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән.
B) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән.
C) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен суреттерді жүйелейтін техникалық ғылыми пән.
D) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен файлды алуды зерттейтін техникалық ғылыми пән.
2. Ақпарат ұғымы.
А) түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер және т.б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делінеді. 
B) суреттер мен фотобейнелер ақпарат делінеді.
C) интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ұғым.
D) техникалық құралдардың ұғымын білдіреді
3.  Ақпарат қасиеттері.
А) дәлдік, толықтылық,  түсініктілік
B) дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік
C) толықтылық, бағалылық, түсініктілік
D) дәлдік, толықтылық, бағалылық, қасиеттілік
4. Санау жүйесі дегеніміз - .... 
А) сандарды арнайы символдар арқылы жазу және оларды оқу ережелері мен тәсілдерінің келісілген жиынтығы
B) сандарды арнайы символдар арқылы жазу  тәсілдерінің жиынтығы
C) сандарды арнайы символдарсыз таңбалау арқылы түрлендіру жиынтығы
D) әріптерді арнайы тәсілдерімен түрлендіру арқылы өрнектеу
5. Санау жүйелерінің түрлері:
А) позициялық және жалпы позициялық
B) позициялық және арифметикалық
C) Позициялық және позициялық емес
D) позициялық, позициялық емес, рим цифрлары
6. Ақпаратты  кодтау дегеніміз:
А) ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға тиімді басқа түрде пішіндеу ретінде түсіндіріледі.
B) ақпаратты түрлендіріп, қайта өңдеу тәсілі
C) ақпаратты кері түрлендіру тәсілі.
D) ақпараттарды алу тәсілі
7. ЭЕМ-нің даму кезеңін көрсет
А) 4 кезеңнен
B) 5 кезеңнен
C) 6 кезеңнен
D) 3 кезеңнен
8. Ақпарат тасымалдауыштар
А) дискеталар мен оптикалық дискілер жатады
B) CD дискілер жатады
C) Иілгіш дискетелар жатады
D) дискеталар, flash-тасысалдауыш және оптикалық дискілер  қолданылады
9. Логика ұғымы
А) адамдардың пікілерінің теріске шығуын зерттейтін ғылым
B) бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дөлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым
C) адамдардың ойлау пікірлерін қанағаттандыратын ғылым пән
D) біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты ғылым
10. Пікір дегеніміз
А) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін емес қандай да  бір болжау.
*B) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да  бір пайымдау
C) жалған немесе жалған емес болатын мүмкіндікті жасау
D) ақиқат болу үшін қойылатын шарт
11. Ақиқаттылық кестесі дегеніміз:
А) бұл логикалык операцияның суреттер түрінде ұсынылуы
*B) бұл логикалык операцияның кестелік түрде ұсынылуы
C) бұл логикалык операцияның сөздермен ұсынылуы
D) бұл логикалык операцияның сызба, схема түрінде ұсынылуы
12. Граф деп -
*А) геометриялық схеманың физикалық мәні болса
B) геометриялық суреттердің жиынтығы
C) физикалық құбылыстардың анықтамасы
D) блок-схема
13. Ағаштар дегеніміз -
А) егер графта цикл болса
*B) егер графта цикл болмаса
C) егер графта төбелер белгіленбесе
D) егер графта төбелер белгіленсе
14. ЭЕМ-нің архитектурасын көрсет.
А) Енгізу құрылғысы, сыртқы есте сақтау құрылғысы, оперативті есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы
B) Енгізу құрылғысы, оперативті есте сақтау құрылғысы, баспаға шығару құрылғысы
C) Енгізу құрылғысы, сыртқы есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы
D) шығару құрылғысы, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы.
15. 1 Байт дегеніміз:
А)  6 биттен тұрады
B) 5 биттен тұрады
C) 8 биттен тұрады
D) 2 биттен тұрады
16. Логикалық операциялар мәнін көрсет
А) Немесе, сосын, және
B) немесе, ақиқат, дұрыс
C) немесе, емес, және
D) және, дейін, емес
17. Бит дегеніміз:
А)  0 мен 0-ді қабыладй алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
B) 1 мен 1-ді ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
C) 0 мен 1 мәнінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
D) 0 мен 2 –нің бірін қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
18. Компьютердің жады түрлері:
А) Тұрақты жад, жедел жад, оперативті есте сақтау жады
B) Кэш жад, жедел жад, оперативті есте сақтау жады
C) Тұрақты жад, жедел, жад, кэш жад.
D) жедел жад, кэш жад, сыртқы жад.
19. Алгоритм ұғымы:
А) белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалған әрекеттерді дәл көрсетпейтін нұсқау.
B) белгілі бір мақсатқа жетпеу үшін жасалған әрекеттердің түсініктігін дәл көрсететін нұсқау
C) ) алға қойған арманыңа жету үшін қандай әрекеттер жасау керектігін біреумен бөлісу сызбасы
D) белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалған, орындаушыға қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау
20.Курсордың оң жағындағы символдарды өшiру пернесi?
A)  Del
B)  BackSpace
C)  Insert
D)  CapsLock