Тренинг тақырыбы:"Жақсы көңіл күй - жан азығы"

«Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренингМақсаты: оқушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.Жүрісі:Құрметті оқушылар, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.1.Аутотренинг.-Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.Табиғат суреттері кетеді.- Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз. Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударыңыз. Соқпақ жолмен жүріп келесіз....... Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз................. Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінеді............ Алма бағы..................2.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек.