Сабақ жоспарлары
Сабақ жоспарлары
rtf

Ұлы Отан соғысы. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен_ аңыз" роман диалогы және басты кейіпкері Бауыржан Момышұлы.

Адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып__ қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. 1418 күнге созылған сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған аталарымызды кейіпкер әлеміне енгізген, ерекше жазу стилі бар шығармаларға тоқталып, тереңірек ұғындыру.

Батика Игенбаева 2017-04-14

docx

Қоғамның рухани өмірі

Сабақ : Қоғамның рухани өміріКүні:1.02.2017Мұғалімнің есімі: Уристемов Ғ.М.Сынып: 9Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)Қоғамды рухани жағынан қарастыру.Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар:А. Адамзаттың руханилық қасиеті жайлы ақпарат аладыОқушылардың басым бөлігі:В. Негізгі мәселелерге талдау жасай аладыКейбір оқушылар:С.Тілдік мақсатОқушылар:Өз ойларын еркін жеткізе біледіНегізгі сөздер мен тіркестер:Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?(айтылым)Жазылым бойынша ұсыныстар:Алдыңғы оқуҚоғам және саясатЖоспарЖоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )Формативті бағалау (ОҮБ)РесурстарБасталуыКіріспе. 1) Амандасу2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу3) Ынта-зейіндерін сабаққа аударуҮй тапсырмасын тексеру: 1. Азаматтық қоғамның түсінігі2. Азаматтық қоғам құрылымы3. Азаматтық қоғамның негізгі белгілері Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады. Мадақтау, ынталандыру ресурс парақтары, суреттерОртасыНегізгі бөлім Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігіРухани қызметҚоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну 1. Қоғамның рухани өмірі – қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:è а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;è б) рухани құндылықтар;è в) рухани қызмет;è г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;è д) рухани тұтыну;è е) рухани қатынастар.2. Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтің нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір – көзқарастарын, – ғылыми идеялары мен теорияларын, – моральдық, – эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады. Тест сұрақтары1. Адам қажеттіліктерінің пирамидасын құраған американдық ғалым:А) Д.КейнсВ) А.МаслоуС) Д.СмитД) Б.Рассел2. Адам ресурсы, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі:А) кәсіпкерлікВ) еңбекС) капиталД) нарық3. Нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм:А) ақшаВ) нарықС) тауарД) базар4. Жалпыға бірдей балам ретінде қолданылатын ерекше тауар:А) банкВ) ақшаС) нарықД) тауар5. Өндірушінің бағасы мен сатып алушы бағасының арасындағы баланс:А) тең салмақты баға теориясыВ) қосарлы баға теориясыС) өндіруші баға теориясыД) сатып алушы баға теориясы6. Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде не қалыптасады?А) өндіріс құныВ) нарықтық бағаС) бәсекеД) нарық 2 тапсырма бойынша формативті бағалау.Оқушылар әр топтың жарнамасын тыңдай отырып, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»айтады немесе топтағы жекелеген оқушыларды ерекшелігі үшін мадақтап, стикермен бағалайды. 3 тапсырма бойынша формативті бағалау. Қол шапалақтау арқылы жүзеге асады Атлас, кескін карта, Қазақстанның экономикалық картасы, флипчарт, маркерлер, стикерлер, презентация, видеоролик АяқталуыБекіту.Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігіРухани қызметҚоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау Сөздер жазылған карточкалар ПарақшаларРефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Ғалымжан Уристемов 2017-04-15

docx

Отбасылық құқық негіздері

Отбасылық құқық негіздері

Жолдасбекова Жамила Амантаевна 2017-04-18

doc

Құқықтық мемлекет ұғымы және белгілері

Құқықтық мемлекет ұғымы және белгілері

Галымжан Рахметов 2017-04-18

doc

Основы Конституционного строя Республики Казахстан

Основы Конституционного строя  Республики Казахстан

Галымжан Рахметов 2017-04-18

docx

«ӘЛЕУМЕТТАНУ» ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ""СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН БІЛІМ БЕРУ - ОҚУШЫ ДАМУЫНЫҢ БАСПАЛДАҒЫ"""«Тұлғаның адамгершілік қасиетін дамыту- өзекті мәселе»

Баяндама  «ӘЛЕУМЕТТАНУ» ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ""СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН БІЛІМ БЕРУ - ОҚУШЫ ДАМУЫНЫҢ БАСПАЛДАҒЫ"""«Тұлғаның адамгершілік қасиетін дамыту- өзекті мәселе»

Алия Бакирова 2017-04-19

docx

Қазіргі қоғам

Қазіргі қоғам

Жолдасбекова Жамила Амантаевна 2017-04-27

docx

Қоғам ерекше құбылыс

Қоғам ерекше құбылыс

Жолдасбекова Жамила Амантаевна 2017-04-27

docx

Қоғамдық өмірді ұйымдастыру

Қоғамдық өмірді ұйымдастыру

Жолдасбекова Жамила Амантаевна 2017-04-27

docx

Экономика және меншік

Экономика және меншік

Жолдасбекова Жамила Амантаевна 2017-04-27

docx

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Алмагул Джумагазиева 2017-05-07

docx

«Философиялық білім және әлем шындықтарының жиынтығы»

Адам баласының дүниені танып білуге, философияның көп    ықпалы бар екендігін оқушыларға ұғындыру мен қатар, өмірге деген көз қарас, әлем шындығын ұғынуға бағыттау.

Анаргул Шукетаева 2017-05-12

doc

«Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен заңдылықтары» (Екінші бөлімге қайталау-қорытындылау сабағы)

Сабақ тақырыбы: «Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен заңдылықтары» (Екінші бөлімге қайталау-қорытындылау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Екінші тарау бойынша алған білімдерін пысықтау, білімдерін тиянақтау, жүйелеу.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырып, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту сабағы

Көрнекілігі: кеспе қағаздары, тарихи диктант, бағалау жетондары, сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,  түсіндіру, баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

а/ оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;

б/ оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тарихи диктант арқылы «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбын қорытындылау.

1.      .......(Қоғам) дегеніміз материалдық дүниенін бір бөлшегі ретіндегі  адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады.

2.      Ежелгі грек философы .... (Демокрит)  «Мемлекет  жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек» деп есептеген.

3.      .... (Қажеттілік) – организмнің қалыпты өмірлік қызметін  қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағаттандырылуы мен шатталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталған күй.

4.      Белгілі американдық ғалым ... (А. Маслоу) адамның  қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады.

5.      Өзінің өміріне  қажетті  материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты  белсенді жаңғырту үдерісі ....  (Өндіріс) деп аталады.

6.      .....  (Еңбек)дегеніміз – адам ресурсы, былайша айтқанда, жұмысшылар мен қызметкерлер,  олардың  білімі және тәжірибесі.

7.      Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім .... (тауар)деп аталады.

8.       ..... (Құрылым)– жүйені құрайтын элементтер жиынтығы және  реттілігі.

9.      ..... (Саясат) грек . politika – мемлекеттік, қоғамдық іс дегенді білдіреді.

10.  .... (Монархия )абсолюттік және конституциялық  болып екіге бөлінеді.  

ІІІ. Сөзжұмбақты шешу.

ІV. «Діннің қоғамда алар орны» тақырыбында ЭССЕ жазу.

V. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» берілген  кестедегі сөздер мен оның анықтаманы дұрыс тауып, сәйкестендіру

 Қажеттілік

Тауар – ақша қатынастарына негізделген, жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі үстемдігі орнаған экономикалық жүйе

Кәсіпорын

Жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар

Нарықтық экономика

Организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының  қанағаттандырылуымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағатталған күй

Ақша

Қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект

Отбасы 

Жеке адамдардың әлеуметтік топтардың әрекетіне, тәртібіне, олардың қоғамдық қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс беретін адамдар арасындағы еріктік қатынастардың ерекше формасын айтамыз

Неке

Ерлі – зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт

Билік

Отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы

Партия

Аса қадірлі рухани байлық

Тіл

Белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді және ұйымдасқан бөлігі

 

VI. Венн диаграммасы

Байланыстыру- салыстыру:

                     Қоғам                                            Отбасы

 

Овал: ерекшеліктері

 

 

 

 

 


VІІ. Үйге тапсырма. Тарау бойынша тест құру.

 

 

 


Есмаганбетов Мейрамбек Саркытулы 2017-05-13

docx

Әл-Фараби, Қ.А. Иассауи, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Йүгінеки, Х. Сығнақидің діни-философиялық-ағартушылық және моральдік көзқарастары

Сабақ тақырыбы: Әл-Фараби, Қ.А. Иассауи, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Йүгінеки, Х. Сығнақидің діни-философиялық-ағартушылық және моральдік көзқарастары

Сабақ мақсаты: Ағартушылардың  діни-философиялық-ағартушылық және моральдік көзқарастары жөнінде толық мағлұмат беру, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, суреттер

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі,өмірмен байланыстыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мұғалім сөзі.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» (шамамен 1020 ж. дүниеге келген)

Білімді адамдар өмір сүретін, мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидаларын талдайды. Бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамдық мораль негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.

Дүниетанымдық және құндылықтық бағдары моральға негізделген. Мораль – бұл адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным. Мораль адамның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Сол сияқты, адамның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым.

Ойшыл қоғамдық қатынастардағы түрлі адамгершілік, білімділік, парасаттылық, батылдық, әділеттілік құндылықтарын қарастырды.

«Құтты біліктің» төрт кейіпкері әдеп пен мораль нормаларын сақтай отырып сұхбатасады. Күнтуды – әмірші, Айтолды – уәзір, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, Оғдүрміш – уәзірдің ағасы, бұл төрт кейіпкер Әділетті, Бақытты, Ақыл мен Қанағатты бейнелейді. Шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен дүниетанымдық ұстанымы өзара ой бөлісіп, сұхбаттасуы арқылы шығарма авторы философиялық және құндылықтық мәселелерді көтереді.

«Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және соған апаратын жол көрсетілген.

Адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят.

Парасатты, әдепті адамдарға тән жоғарғы қасиеттер – әділеттілік, сабырлылық, мейірімділік және турашылдық. Ойшыл адам бойындағы этикалық құндылықтардың тереңдігінің сыры халықтың құндылықтық ұстанымдарын қадір тұтуынан, ата-бабаның рухани дәстүрін құрметтеп, өмірлік мұрат ретінде қабыл алуынан адамның тектілігі қалыптасатындығын айтады. Қоғамдағы адамдардың теңдігі айқын, алайда, адамдардың алған тәрбиесі мен әдебі әрқилы.

Білім мен ғылымның мәніне зор көңіл аударылады.

Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,

Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз!

Біліммен ер басын алып жүреді,

Ал, білімсіз басын оққа тігеді.

Білім алып, биіктей бер адам бол,

Ел ішінде мал атанған надан мол.

(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003.115-116 б.).

«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.

Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) «Диуани лұғат ат-түрк»   Адами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады.

«Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі ежелгі түркі халқының ұлттық сана-сезімімен қатар, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өмірлік құндылықтарын, ділдік ерекшеліктерін көрсетеді.

Этикалық ізденістеріне мораль қағидалары мейірімділік, әділеттілік, бейбітшілік, достық, жомарттық, сабырлылық, шүкірлік, тақуалық және т.б.

Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кәсіп ет,

Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт

(Махмұт Қашқари Диуани лұғат ат-түрк // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары: 20 томдық. – Астана: Аударма, 2005. – 5-т. - 164 б).

Қайырымдылық пен жақсылық ұғымдары басшы мен қарапайым адамның өмірлік ұстанымы ретінде суреттеледі. Ықылас бұл адам жүрегі мен имани ұстанымынан туындайтын іс әрекет. Ел билеушісі халықты әділдікпен басқарып, олардың құқықтарын қорғауы керек. Жақсылық жасау бұл адами міндеті.

Түркі тілдес тайпалардың әдебі мен салт-дәстүріне қатысты мақал-мәтелдерде адамның жеке басына қатысты міндеттері, жанұядағы міндеттері, қоғамдағы міндеттері, адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлықтар пайымдалған.

Қожа Ахмет Йасауи  «Диуани хикметі» («Даналық кітабы»). Адам болмысының құндылықтық астарлары ашылып, адамның рухани даму мәселесі көтеріледі. «Ақиқат сыйында» адамның бұл өміріндегі мақсаты мен міндеттері ислами тұрғыдан шешіледі. Адамның екі дүниедегі бақытты өмірі Жаратушыға күмәнсіз сеніп, ғибадат ету және ел жұртына қайырымды болу.

Алла өзін білімменен құт етеді.

Қайырсыз надандықты жұт етеді.

Білімді үйренбеген талай қауым,

Құдайды қолдан жасап, пұт етеді

Аллаһ білім, парасат жолымен өзін танушыларға жол ашады. Ойшылдың ұстанымы исламның мәдениеті мен құндылығын адам баласы толыққанды түсініп, оны дүниетаным ретінде қабылдап, өмірлік ұстанымына айналуына ықпал ету болып табылады.

Ақымақтың тілі – бастың дұшпаны,

Қан төгіліп талай бастың ұшқаны.

Көп сөйлеген өкінеді түбінде –

Безей бермей ақылға сап ұста оны

Адам баласының тіліне ие болу керек екендігін баса айта отырып, адамның тілін бақпай, орынсыз, жүйесіз сөйлей беруі ұнамсыз қасиет екендігін болжайды. Тілді тәрбиелеу адамның кісілік тұлғасын биікке көтеріп, өз ортасында оның сыйлы ететіндігін белгілі. Адамдар арасындағы достық сезім мен бауырластықты бұзатын адамдар арасында дұшпандық пен секемшілдікті тудыратын бұл ғайбат. Ғайбат бұл тілге ие болмай, орынсыз биәдеп сөздерді сөйлеу.

Тәкаппар, тонын киме – «біл!» - демегім,

Халықты кеуде керіп тілдемегін.

Нышаны момындықтың кішіпейіл,

Бол дағы кішіпейіл, дым демегін

Кішіпейілділікті, шыншылдық пен әдептілікті асқақтата отырып, кішілік пен қарапайымдылықтың адам болмысының рухани мәнін ашатын қасиет ретінде ашады. Ал тәкаппарлық өзін ұлықтау, өзін мақтау, ал адамдарды менсінбеушіліктен туындайды.

Ойшылдың ұстанымы адамның жан дүниесін байыту мен гуманистік келбетін жан-жақты жасау болып табылады.

Сүлеймен Бақырғани ХІІ ғасырда  «Хакім ата».  Адамның шынайы мұсылмандыққа жету үшін ихсанды, тақуалықты ұстану қажеттігін айта отырып, білімдарлық пен даналыққа жету жолдарын айқындайды.

Түркі ұлыстарының діліне ортақ құндылықтарды насихаттауында жатыр.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту: «Топтастыру стратегиясы» арқылы сабақты бекіту.

Блок-схема: альтернативный процесс: Әл-Фараби Блок-схема: альтернативный процесс: Қ.А. Иасауи

 

 

 


ІҮ. Қорытынды бөлім:  «Микрофон» әдісі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.

Ү. Үйге тапсырма. Интернеттен қосымша ақпарат жинақтау.


Есмаганбетов Мейрамбек Саркытулы 2017-05-13

doc

Сайлау –қоғам өмірінің айнасы.

Қазақстанның қазіргі   сайлау жүйесінің бағыттарынан түсінік беру арқылы заң алдындағы  жауапкершіліктерін арттыру, халықтық ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіріп, теориялық білімдерін толықтыруда бейнелі түсінік беру.

Битаева Салтанат Есенгелдіқызы 2017-05-15

docx

«Конституционные права и обязанности»

       Цель: 

            Раскрыть основные права и обязанности, закрепленные в Конституции

           РК и международных документах по правам человека;

            Воспитывать гражданина Республики Казахстан, знающего свои права

           и обязанности, гражданина с активной гражданской позицией;

            Развивать навыки работы с документами, понимание важности прав

           человека для свободного и прогрессивного развития личности.

 

      Оборудование:

             Конституция РК, Закон о гражданстве РК, Всеобщая

            Декларация прав человека, Конвенция о правах ребенка, Презентация

            о правах и обязанностях человека.

 

     Ожидаемый результат:

1.     Учащиеся смогут объяснить необходимость изучения законов о правах человека;

2.      Будут знать содержание основных статей Конституции РК;

3.     Смогут классифицировать права и свободы человека.

Курманов Ержан Жасланович 2017-05-21

docx

Жануарлардың қысқы тіршілігі

жануарлар туралы түсінік

Гулшат Едильбаева 2017-05-28

docx

Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу, экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру

баяндама

Камшат Куанышкалиева 2017-05-31

docx

Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары.

сабақ жоспары

Камшат Куанышкалиева 2017-05-31

docx

Әкімшілік құқығының негізгі түсінігі.

сабақ жоспары

Камшат Куанышкалиева 2017-05-31

docx

құрлықтар

 сабақ

Сания Жомартовна Алгожина 2017-09-18

pdf

Имандылықты жалпақ жұртқа жайған ғұлама

Ақыт қажы Үлімжіұлының педагогикалық ой-пікірі

Қобдабай Қабдыразақұлы 2017-09-23

pdf

Қазақта педагогикасыз мектеп те,медіресе де болмаған

Әулеттік және әлеуметтік мектептердің педагогикасын қолдану бүгінгі дәуір ауаны жөніндегі соны ойлар айтылған.

Қобдабай Қабдыразақұлы Бауыржан Әленұлы 2017-10-24

docx

Еркіндік және жауапкершілік

Еркіндік және жауапкершілік тақырыбында сабақ жоспары

Нагима Нуржанова 2017-12-10

docx

Адам еткен еңбек

Еңбектің  қандай жолмен келетіндігін анықтау түсіңдіру

Салтанат Машимова 2017-12-25