Сабақ жоспарлары
Сабақ жоспарлары
docx

Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді

баяндама

Бакыткул Асилова 2017-04-12

docx

Права и обязанности несовершеннолетних

Разработка классного часа по теме: "Права и обязанности несовершеннолетних"

Асель Капбарова 2017-04-13

doc

Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамытудың жолдары

«Баланың шығармашылық қабілетін ашу,оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет’’. Оқушының дарындылығының даму,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Бимағамбетова Күрең Кітабайқызы 2017-04-17

docx

Активные формы и методы работы на уроках математики (дидактические игры).

Применение активных методов обучения в школе, осуществление развития познавательной деятельности учащихся через использование активных методов обучения. 

Марита Шайкенова 2017-04-17

docx

Тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы,асыл өзегі

Тәрбиелеу ісінде,рухани жаңғыру негізінде жасалатын жаңа өзгерістер туралы ашық пікірлер айтылған

Қобдабай Қабдыразақұлы 2017-04-18

doc

Отбасы құндылығы

Отбасы құндылығы

Салтанат Казиева Оржановна 2017-04-19

docx

Использование ИКТ на уроках гуманитарного цикла

Использование ИКТ на уроках гуманитарного цикла

Камиля Минашевна Кунсакова 2017-04-19

docx

"Әлемді өзгертер көптілділік"

баяндама тіл мәселесі

Мейрамкуль Саттыбаева 2017-04-19

docx

Дені сау рухани бай ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі

Дені сау рухани бай ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі

Оразбек Смаил 2017-04-20

doc

Внедрение системного подхода для организации воспитательного процесса в рамках обновленного образования в Республики Казахстан»

Статья по внедрению системного подхода в рамках обновленного образования в РК содержит этапы работы реализации учебно-воспитательной деятельности

Руслан Жабагин 2017-04-23

docx

«Менің педагогикалық философиям»

Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, олардың қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу.  

Аужанова Жанар Қанатқызы 2017-04-24

doc

Дарындылықты дамыту – әр ұстаздың парызы.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны — жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті түлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Аужанова Жанар Қанатқызы 2017-04-24

docx

Тәуелсіздікке - 25 жыл

Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаты

Жұпар Альжанова 2017-04-26

docx

Бастауыш сыныптарда функцианалдық сауаттылық

Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Жұпар Альжанова 2017-04-26

doc

Елі сүйген Елбасы

Елбасының құрметіне арнаймын 

Айгуль Амиза 2017-04-26

docx

Кембридж тісілі-білім көкжиегі

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Өйткені, ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті, себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Әр ұстаз заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп оқу тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын. 

Ботагоз Бекенова 2017-04-27

docx

САБАҚ ЖОСПАРЫН БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек – білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы - оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты. Еліміз егемендікке қадам басып, оңды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке жараған өзгерістердің бірі – білім беру саласы.

Оң өзгерістердің қатары  қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында білім беру жүйесіне  «Оқытудағы Кембридж тәсілі» бағдарламасын енгізумен толықтырылды.      Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдерімен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту?

Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.  Дегенмен, әр мұғалім сабақ жоспарлағанда өз пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қазақ тілі сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу, өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен оқыту  Блум таксономиясына негізделіп жоспарланады. Таксономия құрылымның (сабақ жоспарының) жүйелілігін білдіреді.  Блум таксономиясының негізін салушы американдық психолог, педагог, профессор Бенджамин Блум.

Ол сабақ құрылымын алты деңгейге бөліп қарастырады. Олар: білу, түсіну. қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Сабақтың жалпы мақсатынан басқа әр деңгейге мақсат пен күтілетін нәтиже, сондай-ақ, әр деңгейдің тапсырмасына критерийлер мен дескрипторлар қойылады. Бұл оқушының әр деңгейде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, білім деңгейін бақылап отыру үшін қажет. Мысалы, қазақ тілі сабағын жоспарлағанда білу деңгейінде тақырыпты оқушылардың өзі анықтау мақсатында түрткі болатындай тапсырмалар, сұрақтар немесе 5минуттық бейнероликтер көрсетуге болады.     Білу деңгейінде көбінесе формативті бағалауды қолданған жөн. Себебі, формативті бағалау оқушыны білім алуға, өз бетінше жұмыстануға ынталандырады. Мысалы. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Қолмен белгі» т.б әдістер мен «бәрекелді, өте жақсы, жарайсың»  деген сөздермен бағалауға болады. Одан әрі оқушы танып, білгенін, тақырыптың мазмұнын түсіну мақсатында Блум таксономиясының түсіну деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Түсіну деңгейінде оқушы тақырып бойынша өз бетінше немесе топтасып бір тұжырымға келеді. Яғни, тақырыптың не туралы екендігін түсінеді. Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін критерийлер мен дискрипторлар қоямыз. Тапсырмаға қойылатын критерии мен дискрипторларды құрастыруды бірінші оқушылардың өзіне де ұсынуға болады. Критерий мен дискрипторларды мұғалім өзі құрған жағдайдың өзінде де, оны оқушыларға таныстырып, оқушылардың да көзқарасын білуі керек. Блум таксономиясының үшінші деңгейі қолдану. Ендігі кезекте, түсінген білімін күнделікті өмірмен ұштастырып, дәлелді мысалдар келтіріп, қолдану аясы туралы жазып не айтып беруі керек. Оқушы ойлана білу, ойын жеткізудегі тосқауылдарға кездеседі. Олар: сөздік қорының аздығы, жазу сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығының сәйкес келмеуі. Яғни, бір бала ойын жазып жеткізсе, ал енді бірі ауызша жеткізеді. Қазақ тілі пәнінің ерекшелігіне байланысты өзге ұлт баласына қазақ тілінде ауызша сауатты жауап беруге, сөздік қорды дамытуға негізделгендіктен, критериидің жоғары ұпайы сөздік қор мен ауызша жауабына қойылады.

          Осы алғашқы  білу, түсіну, қолдану деңгейлері пәндік деңгей болып саналады.  Одан әрі талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінің тапсырмалары дарынды оқушыға негізделеді. Сабақтың талдау деңгейінде бүгінгі алған білімдерінің тиімді, тиімсіз жақтары туралы сараптайды, ойларын дәлелдейді. Оқушы жинақтау деңгейінде алған білімін эссе жазу, ассосация, Венн диаграммасы т.б әдіс-тәсілдер арқылы жинақтап, өз көзқарасын, өз тұжырымын жасайды. Блум таксономиясының соңғы деңгейі бағалау. Бұл деңгейде әдеттегісінше,  оқушыны мұғалім бағаламайды, керісінше, оқушы өз жұмысының нәтижесі туралы рефлексия жасайды. Ал сабақтың нәтижесін мұғалім бағалау парағына қойылған ұпай санына байланысты анықтай алады. Сабақ соңында рефлексия жасау арқылы оқушы өз білім деңгейін анықтаса, мұғалім келесі сабағын қалай жоспарлау керектігін біле алады. Осы мақсаттарға жету үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Ол үшін түрлі сергіту сәттерін, тренингтер өткізуге, жаймен сазды әуен қосып қоюға болады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде қазақ тіліндегі әндерді, ұлттық ойын элементтерін қолдануға болады.

 

ТӘУЕКЕЛОВА ГУЛБАНУ ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ 2017-04-27

docx

ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АРТТЫРУДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...  оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген..

       Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

      Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Білім берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің  ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда  өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып тұратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

ТӘУЕКЕЛОВА ГУЛБАНУ ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ 2017-04-27

docx

ОҚУ САУАТТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру арқылы, еліміздің жарқын болашағына нұрлы жол ашу болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз. Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сыни тұрғысынан ойлау» М. Мирсеитова т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын.  Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп. Биылғы оқу жылында біздің мектептің алдына қойып отырған әдістемелік тақырыбы «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясымен тікелей байланысты. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. 

ГУЛБАНУ ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ ТӘУЕКЕЛОВА 2017-04-27

docx

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.          

Сондықтан білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі- білім ұйымы басшыларына басқаруды жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді. Осыдан жаңарған орта білім беру мазмұнын жүзеге асыру басшы кадрлардың кәсіби деңгейіне, олардың жауапкершілікті түсінуі мен білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты.

Елбасының «2050 стратегиясы» және Ұлт жоспары 100 нақты қадам шеңберінде «Ғылыми – әдістемелік деңгейде білім беруді жаңарту, оқу, ғылыми және өндірістік үдерістердің өзара байланысын қамтамасыз ететін мүлдем жаңа құрылымдар құруға» баса назар аударылуда.

Соған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мына негізгі басымдылықтар атап көрсетілген:

-         Білім берудің барлық деңгейлерін жаңа сапаға көтеру,

-         Педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, оған мемлекеттік қолдауды күшейту,

-         Білім беру жүйесін басқаруды дамыту.

Қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі мұғалімдердің алдына қойылатын маңызды мәселе «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?»

ГУЛБАНУ ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ ТӘУЕКЕЛОВА 2017-04-27

docx

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру арқылы, еліміздің жарқын болашағына нұрлы жол ашу болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз. Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сыни тұрғысынан ойлау» М. Мирсеитова т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын.  Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп. Биылғы оқу жылында біздің мектептің алдына қойып отырған әдістемелік тақырыбы «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясымен тікелей байланысты. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:

ГУЛБАНУ ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ ТӘУЕКЕЛОВА 2017-04-27

docx

"Сабақта топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі"

"Сабақта топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі"

Меруерт Сагимбекова Мейрхановна 2017-04-29

doc

"Баланы неше жасында мектепке бергені дұрыс" ата-аналар жиналысының әзірлемесі

"Баланы неше жасында мектепке бергені дұрыс" ата-аналар жиналысының әзірлемесі

Меруерт Сагимбекова 2017-04-29

docx

Болашақтың энергиясы ЭКСПО

"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты 

Динара Калдыбекова 2017-04-29

doc

Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Баяндамада математика пәнінен шығармашылық жұмыс түрлері көрсетілген, бастауыш сыным мұғалімдеріне , жас  мамандарға арналады.

Жанар Джандаралова Ахметкановна 2017-05-06