Сабақ жоспарлары
docx

Мен және заң

Жағдаяттар. Бейнефильмнен үзінді

Шпекбаева Айдана Кунакбаевна 2017-04-07

docx

Құқық және заң шығару

Сабақ : Құқық және заң шығаруКүні:01.03.2017Мұғалімнің есімі: Уристемов Ғ.М.Сынып: 9Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)Құқық пен заңға түсінік беру.Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар:А. Құқық, заң терминдері туралы жаңа мәлімет аладыОқушылардың басым бөлігі:В. Құқықтық тәртіпке бейімдеп, ұқыпты тұлға қалыптастырадыКейбір оқушылар:С. Толық жауаптар табадыТілдік мақсатОқушылар:Өз ойларын еркін жеткізе біледіНегізгі сөздер мен тіркестер:Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?(айтылым)Жазылым бойынша ұсыныстар:Алдыңғы оқуДіннің қоғамдағы рөліЖоспарЖоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )Формативті бағалау (ОҮБ)РесурстарБасталуыКіріспе. 1) Амандасу2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады. Мадақтау, ынталандыру ресурс парақтары, суреттерОртасыНегізгі бөлім Құқық мәні, қағидаларыҚұқық саласыЗаңдардың түсінігі, белгілері және түрлері 1. Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.Құқықтың мәнің қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:1) формадьдық кез-келген құкықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық - осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі. Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады: – таптық-бұныңшегінде құқық экономикалық үстемдікқұрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады..– жалпы әлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.2. Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтің заң нормаларының жиынтығы. Құқық субъектілерін құқықтық жағдайын реттейтін , құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдері және құқықтық нормалары жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік – құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады. Құқық салаларының түрлері:1) негізгі салалар: - бұлар басты құқықтық режимдері қамтиды, жалпы алғанда, құқық салалары жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықта азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және лоарға сәйкес іс жүргізушілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жургізушілік қүқықтары орналасқан; 2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, обасы құқығы түсу – еңбек құқығы; 3) кешеңді салалар; бұларға негізгі және арнайы олардың әртүрлі институттарының бірігуі тән: шаруашылық құқық экологиялық құқық, прокурорлық қадағалау теңіз құқығы. 3. Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртәпте қабылданған халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдарын негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. 2 тапсырма бойынша формативті бағалау.Оқушылар әр топтың жарнамасын тыңдай отырып, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»айтады немесе топтағы жекелеген оқушыларды ерекшелігі үшін мадақтап, стикермен бағалайды. 3 тапсырма бойынша формативті бағалау. Қол шапалақтау арқылы жүзеге асады флипчарт, маркерлер, стикерлер, презентация, видеоролик АяқталуыБекіту.Жалғасын тап» деп аталатын топтық ойын.• Тура биде туған жоқ, (Туғанды биде иман жоқ)• Дау мұраты (біту)• Жігіттің құны- жүз жылқы, (Ары- мың жылқы)• Қылмыскер кісіден қорықпайды, (ісінен қорқады)• Заңның құрығы (бәрінен ұзын)• Әділ істің (арты игі)• Сөз шынына тоқтайды, (Пышақ қынына тоқтайды)• Атаның баласы болма, (Адамның баласы бол) Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау Сөздер жазылған карточкалар ПарақшаларРефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Ғалымжан Уристемов 2017-04-15

docx

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Сабақ : Қазақстан Республикасының КонституциясыКүні:5.04.2017Мұғалімнің есімі: Уристемов Ғ.М.Сынып: 9Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру, отансүйгіштікке тәрбиелеуСабақ мақсаттары:Барлық оқушылар:А. ҚР Конституциясы туралы жалпы мағлұмат аладыОқушылардың басым бөлігі:В. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерін біледіКейбір оқушылар:С. Конституция баптарын жатқа біледіТілдік мақсатОқушылар:Конституция, Референдум, Парламент, цензура- Constitution, Referendum, Parliament, censorshipНегізгі сөздер мен тіркестер:Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) Референдум жүргізу, цензураСіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?(айтылым)Жазылым бойынша ұсыныстар:Алдыңғы оқуҚұқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілікЖоспарЖоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )Формативті бағалау (ОҮБ)РесурстарБасталуыКіріспе. 1) Амандасу2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару Сыныпты сандар бойынша топқа бөлу.Әр топ басқа топтарға сұрақтар қояды, Сұрақтарға жауап дұрыс берген топқа балл беріліп отырады. Мадақтау, ынталандыру ресурс парақтары, суреттерОртасыНегізгі бөлім . Конституция –қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы 1991жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі”Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы “Конституциялық заң қабылдады 2.1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі –заңы –Конституциясы қабылданды. 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы жаңа Koнcтитуцияға ие болды. Бірінші Конституция экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік құрылысының құқықтық негіздерін белгіледі. Дегенмен аталмыш Конституцияда қазақстандық қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс тапты. «Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылдың қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті. Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы Конституция егемен Қазақстанды құрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне Құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты». 3.1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Оған азамат және адамның азаттығы мен құқығы — ең бірінші негіз етіп алынды. Жаңа қабылданған Негізгі заңда атқарушы, заң шығарушы және сот өкіметінің функциялары нақты атап көрсетіліп, олардың өзара қарым- қатынасы белгіленді. тапсырма бойынша формативті бағалау. маркерлер, стикерлер, АяқталуыБекіту.1 тапсырма Сөйлемді толықтырыңызҚазақстан Республикасы өзін .........., ......., ........, ........, мемлекет ретінде орнықтырады, және оның ең қымбат қазынасы -........, ......................, ............. мен ..........2 тапсырма Сызбаны толтырКонституция тарауларыҮйге тапсырма Қазастан Республикасының Конституциясы Жауабы бойынша өзін-өзі бағалау Сөздер жазылған карточкалар ПарақшаларРефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Ғалымжан Уристемов 2017-04-15

docx

«Құқық бұзушылық және оның алдын-алу жолдары»

«Құқық бұзушылық және оның алдын-алу жолдары»

Айсұлу Бейсенбай 2017-04-16

docx

"Өкілдік және сенімхат" "Қазақстан Республикасының адвокатурасы"."Жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде".

Құқықтану пәнінен сабақ жоспарлары "Өкілдік және сенімхат"  "Қазақстан  Республикасының  адвокатурасы"."Жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде".

Алия Садыгулова 2017-04-19

docx

Әлеуметтанудың пайда болуы

Әлеуметтанудың пайда болуы

Жолдасбекова Жамила Амантаевна 2017-04-27

docx

Основные понятия уголовного права

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Халелова Зоя Уразбаевна 2017-05-07

pptx

Кроссворд к уроку основ права в 11 кл

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Халелова Зоя Уразбаевна 2017-05-07

doc

Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшелігі

Сабақ тақырыбы: Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:
Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу;
Көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайд, видео т.б.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, әр түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған.
Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.
Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ.
Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мына мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз (слайдтар арқылы) . Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен, соны тыңдайық.
ІІ. Топтастыру стратегиясы

Овал: ДІН

 



1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
Енді осы «Ислам» сөзін кеңінен таратып өтсек.
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
Ислам – мойын ұсыну, бой ұсыну дегенді білдірсе, мойын ұсыну –яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойын ұсынса, ол – мұсылман.
Мұсылмандар:
Аллаға,
Пайғамбарға,
Алла кітабына,
Періштелерге,
Өлімнен кейін өмір болатынына сенеді.
ІІІ. Бейне таспа көрсету.
Мұғалім:
Мұсылман болу – ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.
- Ал сендер осы бес парыз жайлы не білесіңдер?

«Семантикалық карта»

Сұрақ

Жауап

1

2

3

4

5

 

 

Мұсылманның бес парызы:

Иман айту

Намаз

Зекет

Ораза

Қажылық



Қорытынды сөз:
Ендеше, Алла тағаланың тілегімізді қабыл ете көр деп Мұсылман болып кеп өмірге, Мұсылман боп кетсек дер едім. Ағайын, туыс-бауырлар, құдайдан осыны тілейік.


Есмаганбетов Мейрамбек Саркытулы 2017-05-13

docx

Әлеуметтік педагогика туралы түсінік беру.


Әлеуметтік педагогика туралы түсінік беру.


Акбота Бекова 2017-05-15

doc

Заңды білу - заман талабы.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу-заман талабы.

Битаева Салтанат Есенгелдіқызы 2017-05-15

docx

Основные течения в исламе.

  На уроке применялась программа Кембриджского университета. Программа включает в себя новые методы обучения, развитие критического мышления, применение информационно-коммуникационных технологий и т.д. Главная особенность программы – групповая работа учащихся. Работа в группе является неотъемлемой частью Кембриджского обучения и основной на моих уроках. На уроке поддерживается обратная связь, чтобы понять, как ученики проработали в группе, как он  На уроке применялась программа Кембриджского университета. Программа включает в себя новые методы обучения, развитие критического мышления, применение информационно-коммуникационных технологий и т.д. Главная особенность программы – групповая работа учащихся. Работа в группе является неотъемлемой частью Кембриджского обучения и основной на моих уроках. На уроке поддерживается обратная связь, чтобы понять, как ученики проработали в группе, как они оценили себя и других. 

и оценили себя и других. 

Курманов Ержан Жасланович 2017-05-21

docx

«Возникновение и становление христианства»

Цель: Раскрыть процесс возникновения и этапы становления христианства,

           его историческое значение;

           Воспитывать толерантное отношение к религиям разных народов;

           Развивать навыки работы с текстом учебника, дидактическим

           материалом.

           Оборудование: Презентация «Христианство в Казахстане», видеофрагмент «Визит патриарха Московский и всея Руси в Казахстан».

                                      Ход урока:

Курманов Ержан Жасланович 2017-05-21

doc

"Құқықтық тәрбие"

Тақырыбы: Құқықтық тәрбие

Әнұран айтылады.

-Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар жас жеткіншектер. Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты – құқықтық тәрбие бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншектерін азамат ретінде көрсете білу. Іскерлік ойынымызға екі команда қатысады. Бірінші топ «Құқық» деп аталса, екінші топ «Азамат».

            Музыка ойналып, оқушылар орнынан тұрады.

            «Құқық» командасының девизі: «Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе».

            «Азамат» командасының девизі: «Азамат атанған адам - өзі туған мемлекетінің міндеті мен құқығына ие».

            Жүргізуші:                                                                            

Ақыл білім жастарда,

Сөз берейік жастарға.

Әділдікке бас иеміз,

Әділ сөзді сүйеміз.

Жасөспірім жастардың,

Тыңдайық білім өнерін.

Әділқазылар алқасы сайланады.

I бөлім

«Кім көп біледі?»

1.                 Қоғам деген не?

(Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)

2.                 Құқық деген не?

(Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3.                 Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?

(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

4.                 құқықтық мәдениет деген не?

(Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез - құлық)

5.                 Деклорация деген не?

(Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

6.                 Құқықтық норма дегеніміз не?

(Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

7.                 Адам құқықтарының жалпыға ортақ «Деклорациясы» қашан қабылданды және қабылдану себебі?

(Адам құқықтарын заң күшімен қорғау қажеттілігінен туған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Деклорациясын» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдады. Ол 30 баптан тұрады. Бұл Деклорация барлық халықтар үшін орындалуға тиісті міндет ретінде жарияланды)

8.                 Қандай құқықтық жүйені білесіңдер?

1)                 Конститутциялық

2)                 Әкімшілік

3)                 Азаматтық

4)                 Еңбек

9.                 Тәртіп деген не?

(Әртүрлі әлеуметтік әдет-ғұрып, дәстүр және әдептік нормаларының әсерінен орнатылады)

10.              Құқықтық мәдениеттің екінші түрі – құқықтық мінез-құлық деген не?

(Ол қоғамдағы әлеуметтік қатынастарың құқықтық тәртіпке сәйкес болуын қамтамасыз ету, құқық нормаларын сақтау)

II бөлім

«Менің құқығым және міндетім»

Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.

1.                Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?

(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

2.                Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?

(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)

3.                «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің?

(Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

4.                Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің?

(Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

III бөлім

«Сөздік турнир»

Берілеген мәліметке нақты атауын беру.

1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.

(Азамат)

2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.

(Деклорация)

3.Жалпы тәртіптік шара.

(Заң)

4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.

(Конвенция)

5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.

(Пакт)

6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.

(Конститутция)

7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.

(БҰҰ)

8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?

(Бостандық)

IV бөлім

«Суреттер әлемінде»

Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.

1.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.

(Тұрғын үй)

2.Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)

3. БҰҰ-ның алдына қойған басты мақсаты – дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау. (Бейбітшілік)

4. Әрбір адам өмр сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)

5. Адамның, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)

6. Кез-келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ ол әр адамның қалауынша болуы тиіс. (Демалу)

7. Кез-келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)

VI бөлім

«Блиц турнир»

1. Қазақстан республикасын кім басқарады?

(Президент)

2. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.

(БҰҰ)

3. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады?

(Парламент)

4. Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады?

(Сенат, мәжіліс)

5. Адамның, азаматтық қоғамның өзара жауакершілігін бекітетін не?

(Конституция)

6. ҚР конституциясын, заңдарды нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не?

(Үкімет)

7. Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не?

(Заң бұзушылық)

8. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата!

(Ту, елтаңба, әнұран)

Қорытынды бөлімде 2 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ербол Ғани 2017-05-28

docx

Ислам діні.

ашық тәрбие сағаты

Камшат Куанышкалиева 2017-05-31

docx

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп.

ашық сабақ жоспары

Камшат Куанышкалиева 2017-05-31

docx

Қазақтың әдет – ғұрыптары мен салт - дәстүрлері

тәрбие сағаты

Камшат Куанышкалиева 2017-05-31

docx

Қылмыс жасау білместік па?

     Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі пікіралмасуымыз жастарды қылмысқа итермелейтін не, қылмыс жасау білместік пе деген тақырыпта өткелі отыр.
    Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы
Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері болмақ.
Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі сондықтанда сіз болып біз болып осы тақырып көлемінде өз ойларыңызды бөлісуге шақырамыз.
Көне түркі тарихында ҮІ - ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде отансүйгіштік рух жетекші орын алатындығы айтылған. «Тоныкөк» жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді. «Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым.... Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды», – деген жолдардан Отаншылдық маңызы зор тағылымды ой - пікірлерді айқын байқаймыз. Ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан - жақты реттелген.
   Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігі мен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

   «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің

 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.

Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бірмақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.

Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады).  Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау),

Қылмыстық  жауапкершілік  құқықтық  жауапкершіліктің  інішдегі  ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.

   Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?
Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.
  Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездесетін келесідей мінездер тән:
1. Қарсыластық реакциясы. Жасөспірімнің іс - әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс - әрекеттер ¬– үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
2. Имитация реакциясы. Нақты образға, жеке адамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер - суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
3. Компенсация реакциясы. Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы, мектепте сәтсіздік болса, ”батыл” іс - әрекеттермен орын толтыру)
4. Топтасу реакциясы. Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасуы.       

     Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді екен.
1. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата - аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.
2.Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым, алкоголь, наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді – кездесулер; ойын - сауық, би кештері, достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын - сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс - әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т. б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс - әрекетінің егжей - тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.
3 -. Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым - қатынаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс - әрекеттер бір - бірімен тығыз байланыста болады.
4 -. Құрбы - құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антиқоғамдық тәрбиесімен құрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Жеткіншектерге құрбы – құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір - біріне еліктегіш болып келеді.

Тобықтай түйін
Қаршадай қылмыскерлердің қатарының көбеюі қазақ қоғамындағы санасы ояу жандардың барлығын қатты алаңдатып отыр. Компьютерлік ойындардың лас экспансиясы күннен - күнге күшейіп келеді. Бүгінгі байлам – қаршадай қылмыскерлерге қарсы күресті күшейтуіміз керек. Әйтпесе құрдымға құлатар қылмыстың арыны қатты. Бүлдіршіндеріміздің санасын жұлқылап жатқан сұмдықтарды саусағыңызды бүгіп санай беріңіз: арақ, есірткі, темекі, компьютер, түнгі клубтар, ойын автоматтары, маскүнем ата - ана.. бұның бәрі қылмысқа алып келетіні белгілі болды.

     Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас Отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
    «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.

    «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»  дегендей тәртіпті де , тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу сіз бен біздің асыл міндеттеріміз екендігін    ұмытпайық   ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанар Мырзатаева 2017-09-18

docx

Мемлекет және оның қоғамдағы ролі

Күн: 29. 01

Сыныбы-9

Сабақ атауы

Мемлекет  және  оның   қоғамдағы  ролі.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Мемлекет  саяси жүйедегі  басты институт,  Мемлекеттік  билік   республика , монархия  туралы ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

 

 Мемлекеттің  қоғамдағы ролін біледі мемлекеттің  формаларын  ажырата алады,     мәтінді  талдайды ,  салыстырады. Өзіндік ой пікір  қалыптастырады.

Тапсырмалар

,ой толғаныс,топтық жұмыс  жұптық  жұмыс

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

 

 

 

Үй тапсырмасын  сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

Дәптермен    жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

 

 

 

2 мин

 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,түгелдеу

 

1Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу  назарын сабаққа аудару 

Топқа бөлу

 

5 мин

 

 

 

 

 Үйге берілген тапсырма бойынша  оқушыларға сұрақтар беру

  Сұрақ-жауап

Саясат дегенімізне?

Саяси жүйе деп нені айтамыз?

Билік  деп  нені  айтамыз?

Саясат дегеніміз не?  Қалай түсінесің?

(сұрақ-жауап  оқушы  тез және жылдам жауап беруі керек

 

 

 

 

15мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәнмәтінмен жұмыс

 мемлекеттің  функциялары

мемлекетті  басқару  формалары.

Құқықтық  мемлекет

 

 

Оқушыларға  тақырыпшалар бөлініп беріледі.

 

 

Негізгі   терминдерді   дәптерге түсіру

 

 

акмарал рахметова 2017-10-23

docx

Білім және білім беру

Білім және білім беру тақырыбында сабақ

Нагима Нуржанова 2017-12-10

docx

Адам өміріндегі құндылықтар

Адам өміріндегі құндұлықтар сабағында сабақ

Нагима Нуржанова 2017-12-10

docx

Әлемді тану мәселесі

Әлемді тану мәселесі туралы сабақ

Нагима Нуржанова 2017-12-10

doc

Құқықтан сайыс сабақ

9 сынып оқушыларына арналған құқық пәнінен сайыс сабақ жоспары

Кайыржан Абдуахитов 2017-12-11

docx

Хаттар түрлері

Мақсаты:  оқушылардың заңдық жеке құжаттар жайлы алған білімдерін тереңдету. Іс түрінде пайдалана білуге үйрету.  Жағдаяттарды шешу арқылы өз ойларын жеткізе білуге және еркін сөйлеуге  үйрету.

Көрнекілігі:  слайдттар.

Барысы:  І. Ұйымдастыру .

                ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі:  Саламатсыздарма? Бүгінгі  құқық апталығының өтуіне байланысты  9,10,11 сыныптар  арасында «Мемлекеттік қызметтік хаттар түрлері» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер.

Бүгінде ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдану қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор. Түрлі мекемелер мен ұйымдар арасында іс-қағаздарының ең жиі қолданылатын түрі – қызметтік хат. Сөз еткен мәселенің жазылу мақсатына қарай қызметтік хат бірнеше түрлерге бөлінеді, мысалы: ақпарат хат, шақыру хат, ілеспе хат, ескерту хат, ресми хат. 

Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болғандықтан, қызметтік хаттың мазмұны айқын болуы тиіс. Іс-қағаздарын дайындау барысында жазу мәдениетін қатаң сақтау қажет. Ол дегеніміз, әр хаттың бойында реттілік, жүйелілік, түзулік, тәртіптілік, сәйкестік, қисындылық сияқты мағыналық реңктердің болуы. Қызметтік хаттардың сапасына қатты көңіл бөлген жөн. Хаттың сөзі шұбалыңқы, мазмұны түсініксіз болмауы керек.

Қатысушыларды үш топқа бөлу. Аттарын қою,мақсаттарын тыңдау.

Сабақты сұрақ қоюдан бастау.

№1 тапсырма. Жалпылама сұраққа жауап.

1.      Іс жүргізу ұғымына түсінік,оның мақсаты.

с жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы.

2.      Іскерлік корреспанденция  ұғымына түсінік бер

Корреспонденция - негізі және ең көне оперативті газет жанрларының бірі. Корреспонденцияның міндеті - өмірдің бір пұшпағын көрсету, оның мақсаты - бір немесе бір топ фактіні талдау, саяси, экономикалық және мәдени өмірден бір оқиғаны, құбылысты көрсету. Мақалалардан айырмашылығы корреспонденцияда фактілер мен мысалдар орталық, өзекті орынды алады. Фактілерді жинап, автор әуелі оларды сипаттап жазады және осы фактілерді талдау негізінде тиісті қорытындылар жасайды. Демек, корреспонденцияларда хабарлаған фактілерді басқа, тіпті тепе-тең фактілермен алмастыруға болмайды. Мақала мен корреспонденцияның арасындағы принципиальды айырмашылық туралы қысқаша былай деуге болады: мақалада автор жалпыдан жекеге қарай, ал корреспонденцияда жекеден жалпыға қарай айтылады. Корреспонденцияны жергілікті жерде болмай, хат жағдайын егжей-тегжейлі зерттемей, оның тақырыбына қатыстылардың бәрін білмей тұрып жазуға болмайды

3.      Құжат дегеніміз не?

Құжат (лат. documentum – куәлік, дәлелдеу) –

1) техникада – құрал-жабдықтың қысқаша сипаттамасы берілген техникалық төлқұжат. Құжатта құрал-жабдықтың белгісі, оның негізгі параметрлері көрсетіледі. Пішініне байланысты Құжат мәтіндік (кітаптар, қолжазбалар, т.б.), графиктік немесе кескіндемелік (сызбалар, сұлбалар, карталар, т.б.), аудио (грампластинка, т.б.), аудиовизуалдық (кинотаспалар), т.б. болып ажыратылады. Құжаттың мазмұны мен көлемі пайдаланылатын құрал-жабдықтың тегіне (арнаулы немесе әмбебап) байланысты жасалады. Құжат тұтынушыларға құрал-жабдықпен бірге беріледі. Технологияны жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шаралар Құжаттағы мәліметтерді, нұсқауларды дұрыс қолдануды талап етеді;

2) компьютерде – қолданбалы бағдарламалар көмегімен пернелер арқылы енгізілген тілшелерді пайдаланып құрастырылған немесе дискіде сақталып тұрған, бұрын даярланған ақпараты бар, кез келген материалдық нысан. Қазіргі компьютерлер мен олардың желілерінде пайдаланылатын ақпараттардың ішкі мазмұнына байланысты мәтіндік, график., дыбыстық, бейнелік Құжаттар (word-құжаттар) болады. Интернет желісінде гипермәтіндік (web-құжат) Қ. кең тараған. Оның ішінде басқа Құжатқа сілтеме түрінде ерекшеленіп тұрған түйінді сөздер орналасады

4.  Деректеме ұғымына түсінік бер

Деректеме. Нақтылы геологиялық нысанды (ауданды, кенді, планшетті т.с.с.) зерттеу қорытындыларының жиынтығы. Бұл құжатта геологиялық түсірім, іздестіру және барлау жұмыстарының, бүкіл геофизикалық зерттеулер мен игерілу шараларының барша қорытындылары сараланады. Нысан бойынша жалпылама тұжырым жасақталып, болашақта шешілуге тиіс мәселелердің басы ашылады. Кендерді алдын ала және жан-жақты барлау жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда, сол кенге тиесілі пайдалы қазбаның қоры есептеліп, оның экономикалық маңызы туралы тұжырым ашылып көрсетіледі.

№2 тапсырма. Сұрақ-жауап деп аталады.

Оқушылар,бүгін бізге алыстан хат тасушы ағай келген екен.  Ол бізге көптеген хат түрлерін әкеліпті. Ол кісінің мақсаты қазіргі кездегі хаттар түрлерін және олардың халық арасындағы қолданысын білу екен.

Хат тасушы ағай сөзі:  ал,балалар саламатсыздарма. Қалдарыңыз қалай? Сабақтарыңыз жақсыма?. Олай болса, мен сіздерге бірнеше хат түрлерін жазамын. Сіздер сол хаттардың білгенімізше анықтамасын айтып түсіндірейк.  Олай болса бастайық.

Ресми хат.  Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Ұсыныс хат.  Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

Өтініш хат.  Өтініш  Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;

Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы. Қылмыстық, азаматтық не әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылар іс жүргізуші мемлекеттік органға (анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот) өтініш беруге құқылы. Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан іс жүргізуші орган процеске қатысушыларға өтініш жасау құқығын түсіндіруге және өтінішті сол сәтте қарап, шешуге міндетті. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау жөніндегі өтініш орындалуға тиісті. Өтініш орындалмаған жағдайда өтініш беруші жоғары тұрған органға шағымдана алады

Сұраныс хат.  Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. Хатты жазып отрығанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңызына, мазмұнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; — сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.алыптасқан стильдік нормадан ауытқымаған жөн.

Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын мәселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.

Түйіндеме хат  қызметке  алынатын  үміткердің   объективті    мәлімет

деректері көрсетілген анықтамалық құжат.

Еңбек кітапшасы – қызметкердің еңбек қызметін  растайтын  негізгі құжат.

Хабарлама (Донесение) — жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа. Бейбіт уақытта хабарламалар жұмылдыру мәселелері, әскерлер қызметі, әскери тәртіп бойынша, сондай-ақ әскерлерді (күштерді) қару-жарақ, техника және басқа жабдықтау түрлерімен қамтамасыз ету бойынша баяндауы мүмкін. Тапсыру мерзімі бойынша Хабарламалар жедел (жедел хабарламалау табелінде белгіленген уақытқа жеткізіледі) және жедел емес (жай) (жағдайдың шұғыл өзгеру кезінде жедел хабарлар табелін есепке алмай жеткізіледі) болып бөлінеді. Шешім баяндалған жауынгерлік хабарламаларға командир және штаб бастығы, ал қалғандарына — штаб бастығы мен тиісті қызметтің бастығы қол қояды. Қамтамасыз ету мәселелері бойынша (инженер лік, химиялық, тыл және т.б.) хабарламаларға тиісті бастық қол қояды.[1]

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

Түсінік хат қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. 

Ілеспе хат- адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін, ілесіп жүретін құжат . 

Ескертпе хат -қандай да бір міндеттеменің, жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімінің жақындағаның немесе өтіп кеткендігі туралы жазылатын хат түр 

Шақыру хаты - адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі 

Жауап хат -жауап талап ететін хат 

Мұғалім:  Көрдіндерме балалар,қазіргі дамыған заманда мына хат тасушы ағайларын секілді жаяу жүріп тасымаймыз. Егеменді ел болып,технологияның даму қарқынында барлық жеңілдіктер жасалуда.. мысалға алатын болсақ біреуге  ақ қағаз бен қалам алып алыстағы туысымызға сәлем хат жазудың қажеті жоқ.  Дамыған заманда сол сәлем хатты жазуда ұялы телефонымыздың атқаратын қызметі баршылық.

ІІІ тапсырма:. «Бас қатырғылар». 

Үш  топқа ситуациялық тапсырмалар беріледі. Тапсырманы тез арада орындап, шығу керек. Қате жібермей, дұрыс орындаған топқа 1 жұлдыз беріледі. 

1 топ 

1-тапсырма. Белгісіз бір себеппен сіздің қызметкеріңіз жұмысқа шықпай қалды. Осыған байланысты баяндаухат құрастырыңыз. 

2 тапсырма. Бүгін досыңыздың туған күні осыған орай досыңызды құттықтап, құттықтау хат жазыңыз. 

2 топ 

1 тапсырма Сіз униврситет ректорысыз.Орталық кітапхананың директорына кітапханада кітап қорымен танысуға жағдй жасауңызды өтініш хат жазыңыз. 

2-тапсырма. Сіз кітапханадан «Іс кағаздарын жүргізу» оқулығының бес данасын алдыңыз, оны екі күннен кейін қайтару керек еді, бірақ қайтара алмадыңыз, сол туралы түсініктеме жазыңыз. 

3 топ

1 тапсырма.  Сіз бір жерге жұмысқа тұруыныз қажет. Олар сізден түйіндеме талап етті. Сіз түйіндемені қалай толтырасыз.

2 тапсырма.  Сіз жылжымайтын мүлігіңізді,яғни дүкеніңізді бір туысқаныңызға бергіңіз келді уақытша пайдалануға. Демек сіз нотариус арқылы сенімхат беруіңіз керек. Сенімхатты қалай толтырасыз.

ІҮ тапсырма:  Сөздікпен жұмыс. Әр топтан бір оқушы шығады.

Қазіргі кезде құжаттар түрі екі тілде болатыны айқын. Сол себепті берілген құжаттың қазақшасының  орысша атауын табу.

1 топқа:  құқық-право,құжаттама-документация, түйіндеме-резюме,документ-құжат,мамандық-специалист,коллектив-ұжым, қол қою-подписать

2 топқа:  келісімшарт-договор,мекенжай-адрес,үкімет-правительство,куәландыру-заверить,нұсқау-инструкция,үлгі-образец,сенімхат-доверенность

3 топқа:  қаулы-постоновление,хабаламахат-письмо извещение,жеделхат-телеграмма,жарлық-указ,қолхат-расписка,заңгер-юрист,еңбек кітапшасы-трудовой

Ү тапсырма:  Шешендік өнер. Берілген сөйлемдерден мәтін құрау

1 топқа: кәсіби,азаматтық,еңбек,заң жүзінде,мақсат

2 топқа:  хабарлама хат,іс,хатшы,шешім,ұжым

3 топқа:уақытша,орын,нарық,қалтқысыз қызмет ету,кепілдік

ҮІ тапсырма:  кім жылдам? Сұраққа тез ірі нақты жауап беру.

1.      Жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын құжат:

а) ақпараттық в) қызметтік хатс) жарнамалық

      2.  Мазмұны мен мақсаты бір хат:

а) сұрату хат в) өтініш хат с)  хабарлама хат

3.  Хаттың мәтіні қандай бөліктен тұрады?

а) кіріспе в)негізгі с) кіріспе және негізгі

 4. Хаттың тақырыптық бөліміндегі деректемелерді ата:

а) мөр в) құжаттың күніс) құжат түрінің атауы

5.  Қызметтік хаттарға қандай хаттар жатады?

а)  жедел хат,ескерту,хабарлама хаттарв) үлгілер с) кепілдіктер

6. Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат:

а) өтініш хатв) сұраныс хат с) ресми хат

7. Өтініш хаттың анықтамасын көрсетіңіз:

              а)  іскер адамдардың қарым-қатынас жасауына арналған іскерлік хат

в)  белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат   

с) белгілі бір мекемеден қажетті ақпаратты жіберуді  сұрайтын хат

      8. Белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат:

               а)  баяндау хат в)  сұраныс хат с) ресми хат

Қорытынды  Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз ету, әрбір іс-қағаздарын орындап отырған, тілін сүйіп, еліне жаны ашитын мемлекеттік қызметкердің ұлттық парызы, - деп, ойлаймын.

Жақсы, біз бүгін сабақта қызметтік хат түрлерін өттік, топтық жұмыс арқылы алған білімдерімізді бекіттік. ҚР-ның 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы» Заңының 151-бабында былай делінген: «ҚР-ның мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.. 

Сонымен қоса, «Тіл туралы» Заңда мемлекеттік тілді барынша нығайтуға, халықаралық беделін дамытуға әрбір мекеме, әрбір ҚР-ның азаматы міндетті делінген. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді өмірде орынды, сауатты пайдалана білсеңдер, сол тілді дамытуға қосқан үлестерің болып табылады. 

 

 


Нуршат Сейилханова Саришановна 2017-12-12

docx

"Үздік құқықтанушы"

сыныптан тыс шара жоспары "Үздік құқықтанушы"

Майя Бердібекова 2017-12-15