Сабақ жоспарлары
docx

Кітапханаға саяхат

1 сынып оқушыларына арналған кітапханаға экскурсия

Алмагүл Батырхан 2017-04-11

docx

Ертегі білгірлері

Оқушылардың кітапханада оқыған кітаптары бойынша сайыс

Алмагүл Батырхан 2017-04-11

docx

Абай мұрасы - ұлт қазынасы

мәнерлеп оқу сайысы

Алмагүл Батырхан 2017-04-11

doc

«Көгінде көк байрағым желбіреген»

                                   Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

                                   Бақыт көрсін елімнің әр ұланы.

                                   Енді ағайын,көгінде қалықтасын,

                                   Қазағымның қастерлі әнұраны.

Жұлдыз Каримова 2017-04-12

docx

"Ауған ардагерлері арамызда"

Ауған ардагерлері арамызда

                                                                                      Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

                                                                                   Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

                                                                                     Ауғандағы азап шеккен арыстар !

 

Достық үйінің кітапханасында ақпан айының 9 күні №46 мектептің 7 «а» сыныбының қатысуымен бірге, ауған соғысының аяқталуының 28 жылдық мерейтойын атап өту мақсатындағы «Ауған ардагерлері арамызда» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бүгінгі кездесу кешіне Ауған ардагерлері  Есбулатов М.Ж, Мухамедгалиев Р.Р. қатысты.                                                                                           Кездесу кешіміздің мақсаты:  Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Сонымен қатар бүгінгі кездесу жерлестеріміздің ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізіліп отыр.

Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. 15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды бүгінде. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді.  

       1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірі шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды.       

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да Ауған соғысы  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

         Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарына сөз кезегі берілді. Өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларымыз ауған соғысы туралы айтып, шер тарқатты. Оқушылар Ауған ардагерлеріне сұрақтар қойып, кешімізді толықтыра түсті.      . Шараның аяғында «Ауғанстан ақиқаты» атты кітап көрмесімен таңыстырылды. Балаларға бүгінгі кеш өте қатты ұнады.                                  

                                                                                                           БҚО Достық үйінің

                                                                                                 кітапханашысы

                                                                                                  Шукирова Б.С.

                                                                                              

Ботагоз Шукирова 2017-04-28

docx

«Көркем сөздің зергері»

«Көркем сөздің зергері»

Наурыз айының 17 күні №46 ЖОББ мектептің кітапханасында 8«в» сынып оқушыларының қатысуымен Ғабит Мүсіреповтың 115 - жылдық мерей тойына арналған «Көркем сөздің зергері» атты әдеби кеш өтті.                                                                           Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – жазушы, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері.                                                                                                                                             Сөз зергері Ғ.Мүсірепов жайлы алты алашқа аты ардақты Зейнолла Қабдолов: «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек» деген екен.                                           Ғабит Мүсірепов – қазақ драмматургиясында өзіндік қолтаңбасымен дараланған үлкен драмматург.Қазақ эпостарынан інжу-маржандарынан бүгінгі күнге,қазақ халқына, жас ұрпаққа үш арудың бейнесін қалдырды. Олар – Баян сұлу, Ақтоқты және Қыз Жібек ―Махаббат туралы дастан‖, ―Қыз Жібек‖ фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. Ұлы жазушы Қыз Жібек арқылы қазақтың бостандығын,еркіндігін, сұлулығын,  және ақсүйектікті сахнаға да, экранға да шығарып кетті. Осы дүниелерді драмматургияға алып келіп, Шекспир драмматургиясының деңгейіне көтеру тек Ғабеңнің қолынан келді.

Маржан сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов түнде де жарқырайтын жақұттай жаухар шығармаларымен ғана емес,ұлт үшін жасаған ұлы ерлігімен де ел сүйіспеншілігіне бөленгені бәрімізге белгілі. Соның біріншісі: 1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. бастаған ақын жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырлып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас қайғыға душар етті. Дәл осы кездеде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Беймбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.

Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам, қуанышым да ренішім де мол екен. Жас қазақ мемлектінің биік туы менің көз алдымда көтерілді. Бүгінде күллі әлем назары ауған іргелі елге айналдық. Бірақ әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда ұлт ұлы боп есептелмейтінін ұмытпайықшы. Жан сүйінтер бірлік жоқ жерде саналы тірлік те жоқ. Үлкен өнердің үлкен, таза мінезі болуы керек. Өзім іргетасын қаласқан қазақтың ата буын әдебиетінің атынан мені соңғы сапарға шығарып саларда осы ақтық тілегімді еске алыңдаршы.

Саған сәлем кең далаңнан –жанарынан жас тамған,

Саған сәлем жас буыннан жазылмаған дастаннан.

Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат,

Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған.

Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес,

         Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест.

Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа

Көк тіреген Алатаудың өзін қойса көп емес.

 

«Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдыретті қаламы арқылы өзінің көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғарғы бағасын алды» -деп ұлы жазушының ерен еңбегіне еліміздің Президенті Н.Назарбаев зор баға берген болатын Үш мәрте Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен,көптеген медальдармен марапатталды.

Ғабит Мүсіреповтің соңына қалдырған мол әдеби мұрасы, терең ойлы, ғұламалық сөздері Тәуелсіз Қазақ елімен бірге жасап, өркениет биігіне ұмтылған халқымыздың игіліне қызмет ете бермек.

Әдеби кешіміздің барысында ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, әрі қарай оқушылар Ғ.Мүсіреповке арналған Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңін жатқа оқыды.                                                                                                                    Кешіміздің соңында оқушылардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.

 

 

                                                                                                    БҚО Достық үйінің

                                                                                                 кітапханашысы

                                                                                                  Шукирова Б.С.

Ботагоз Шукирова 2017-04-28

docx

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жылдығына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тарихи кеш.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жылдығына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тарихи кеш.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 11 күні №44 мектеп-гимназиясының 8 «в» сыныбының қатысуымен бірге, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жылдығына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тарихи кеш болып өтті. Кешіміздің мақсаты оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылардың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – өз халқының жарқын болашағы үшін орасан зор еңбек сіңірген адал азамат. Өз ғұмырының 50 жылға жуық уақытында республикамыздың басшылық қызметтерінде болып, еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстанның өркен жаю, жаңару жылдарында Дінмұхамед Ахметұлының елі үшін өте зор еңбек сіңіргенін мақтанышпен айтуға болады. Өткен ғасырдың аумалы-төкпелі кезеңінде туған елін қызғыштай қорып, қазақ халқының өркендеп, дамуына айрықша үлес қосқан ұлы тұлғаның өмірі – жас буынға үлгі – өнеге.

Кештің барысында Д.А.Қонаевтың суреттері, ғылыми еңбектер, ұлы адамдардың пікірлері, баспасөз материалдарында жарияланған мақалалар, бейнеролик, кітап көрмесі  ұсынылды.

Бүгінгі кешімізден балалар үлкен әсер алып, қоғам қайраткері жайлы көптеген мағлұматтар  алды. Кешке 27 оқушы қатысты.

 

 

 

                                                                 Шукирова.Б.С.

                                                                                №16 кітапхана филиалы

 

 

Ботагоз Шукирова 2017-04-28

docx

«Ұлы дала ұлағаттары»

«Ұлы дала ұлағаттары»

Ассамблея үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ҚХА кафедрасының мүшелері, БҚИТУ тілдер және менеджмент факультеті деканының орынбасары, ғылыми – сараптама тобының мүшелері. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақстан Республикасының тарихы» кафедрасының оқытушысы, Ж.Досмухамедов  атындағы педагогикалық, «Сервис» технологиялық колледждерінің оқытушылары мен студенттері, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, БАҚ өкілдері, №16 қалалық кітапхана-филиалы қатысты.

 Әлемдегі бес мыңнан астам ұлт пен ұлыстың жүз тоқсан екісі ғана тәуелсіз болып, мемлекеттік деңгейге жетті. Соның бір де бірегейі – Тәуелсіз Қазақстан! Қасиетті қара жерді жаратқан, күмбездей көк аспанды шегесіз орнатқан құдіретті күшті, мейірім-шапағаты мол Алла тағаланың қазақ халқына сыйлаған баға жетпес екі бақыты бар. Оның бірі – ата-бабаларымыз, ақ жаулықты асыл аналарымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік, екіншісі – Тәуелсіздіктің көк байрағын нық ұстап, халықты «Нұрлы жолмен» «Мәңгілік Елге» - бақытты болашаққа бастап келе жатқан Президент – Елбасы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

   №16 қалалық кітапхана-филиалы «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Елбасы Н.Назарбаевқа арналған кітаптар және Н.Назарбаевтың өзінің жазған кітаптары сонымен қатар Тәуелсіздігімізге арналған кітаптар жинақталып қойылған болатын. Бұл кітаптарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқырмандарына тек Мемлекет басшысы ғана емес, сонымен қатар, өз елінің шынайы патриоты, халқының кемел көшбасшысы ретінде ой толғайды. Елбасы Н.Назарбаевтың  Отан, Қазақстан халқы, ұлт мәдениетінің ерекшеліктері жайындағы кестелі сөздері, орамды ой-тұжырымдары берілген, сонымен қатар «Елбасы сыныптастары» кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің балалық және жастық шағы туралы сыныптас достарының естеліктері, білім алған мектептерінің тарихы, мұражайлар қызметі туралы баяндалған. Елбасы сыныптастарының мектептегі, кейінгі кездегі кездесулердегі құнды суреттерінің өзі тарихымыздың бір белесі болып табылады.

   «Ұлы дала ұлағаттары» кітабының  тұсаукесерін Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжының ұжымы дайындады. Майра Сағыналиқызы бастаған бір топ студенттер Елбасының кітабы туралы өз ойларын білдіріп, кітаптың мазмұнына шолу жасады. Сонымен қатар, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы жайлы ақпарат беріліп,  бұл мақалада Елбасы әрбір  қазақстандықтардың шынайы мәдениеттілік белгілеріне ие болу қажет екендігін атап кеткені ескерілді.

 

Шукирова Б.С.

 

Ботагоз Шукирова 2017-04-28

docx

« ЭКСПО 2017 – Қазақстанның болашағы»

  « ЭКСПО 2017 – Қазақстанның болашағы»

Достық үйінің кітапханасында қаңтар айының 23 күні №46 мектептің «7а» сыныбымен, мектеп кітапханасының меңгерушісі Сарсенбаева Ж.С. және кітапханашысы Супыгалиева А.Н. қатысуыларымен бірге, «ЭКСПО 2017 – Қазақстанның болашағы » атты танысу кеші өтті.                                                Танысу кешіміздің мақсаты 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету, сонымен қатар оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.                                   Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Астана экономиялық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.          Қазақстанның астанасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЭКСПО – 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.                                                                                     Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып  Future Energy (Болашақ қуаты)болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңызы зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.                                                           Кешіміздің барысында кітап көрмесі, инсталляция, бейнеролик көрсетілді.

 

 

                                                                 Шукирова.Б.С.

                                                                                         Достық үйінің кітапхананың

 кітапханашысы

Ботагоз Шукирова 2017-04-28

docx

"По сказкам великого сказочника"

По сказкам великого сказочника

 

    2 апреля отмечается Международный день детской книги.  Дата празднования выбрана не случайно: 2 апреля - день рождения великого датского писателя-сказочника Ганса Христиана Андерсена (1805-1875). Праздник впервые отмечали в 1967 г. Эта инициатива принадлежала Международному совету по детской книге. Так учредители праздника решили подчеркнуть важную роль детской книги в воспитании и интеллектуальном развитии юных читателей.

    В этот день учащиеся 2 класса  СОШ№24 отправились в волшебный мир  добрых, веселых и грустных сказок Андерсена; встретились  с королями и принцессами, эльфами и троллями, оловянными солдатиками, крошечной девочкой  Дюймовочкой и многими другими героями.  Заведуюшая библиотеки –филиала №16  Тюлемесова А.М. провела с ними мультимедийную литературную игру по его сказкам. Сначала она рассказала о жизни и творчестве великого сказочника с показом презентации.

   Ганс Христиан Андерсен родился 2 апреля 1805 года в Дании, в городке Оденсе, расположенном на острове Фюн. Он жил в бедной семье, мать его была прачкой, отец - сапожником. В детстве он слышал истории и сказки отца и старушек-соседок. Ганс по-своему переделывал эти сказки, придумывал новые необычные приключения героям сказок и  рассказывал свои сказки старому коту по имени Карл.

   Однажды он увидел спектакль гастролирующего театра и полюбил театр на всю жизнь. Мальчик с детства любил читать стихи, петь, танцевать, мечтал стать актёром, он шил кукол и наряды для них в своём маленьком домашнем театре. В 14 лет пробовал писать пьесы для театра. Будучи студентом университета, писал романы. Став взрослым, он много путешествовал по странам Европы, Азии, Африки.

   Андерсеном всего написано 156 сказок, самыми популярными стали "Стойкий оловянный солдатик", "Гадкий утёнок", "Снежная королева", "Дюймовочка" и другие.

   Сказки писателя сделали его любимцем народа еще при жизни. А сегодня имя этого писателя известно во многих странах мира. По сюжетам его сказок снимаются художественные и мультипликационные фильмы, ставятся спектакли. Датчане чтят память своего великого соотечественника. В столице Дании Копенгагене в Королевском саду стоит памятник Г. Х. Андерсену. Одна из любимых героинь писателя - Русалочка - стала символом датской столицы и уже много лет сидит на берегу моря и смотрит вдаль.

   Затем библиотекарь провела викторину и игру по данной теме. Ребята с удовольствием отвечали на вопросы викторины, проявили смекалку, показали знание текстов сказок и свою эрудицию.  

 

 

Тюлемесова А.М.

Асемгуль Тюлемесова 2017-04-28

docx

"Ко дню вывода советских войск из Афганистана"

Ко дню вывода советских войск из Афганистана

 

    В библиотеке Дома Дружбы прошло мероприятие «Ауған ардагерлері арамызда», приуроченное к 28-летию вывода советских войск из Афганистана. Во встрече приняли участие ветераны афганцы М.Ж. Есбулатов, Р.Р. Мухамедгалиев и учащиеся СОШ№46 7 «а» класса с заведующей библиотекой СОШ№46 Сарсенбаевой Ж.С. 

      В начале мероприятия библиотекарь Шукирова Б.С. рассказала о том, что со времен той страшной войны в Афганистане прошло уже 28 лет, которая длилась десять лет. Сегодня многие называют ее неправильной и несправедливой. Но в те далекие восьмидесятые советские солдаты, в том числе,   которых были и двадцать две тысячи казахстанцев, выполнили приказ, самоотверженно воевали на афганской земле. Ежегодно 15 февраля отмечается день вывода войск из республики Афганистан. Он же считается и Днем памяти.                                              

   Затем слово было предоставлено ветеранам афганцам.  На встрече ветераны рассказывали о судьбах людей, которые стали участниками военных действий на территории Афганистана. Вспоминали о героизме воинов-интернационалистов, погибших при исполнении служебного долга, их подвиг – пример мужества и стойкости для молодого поколения.

   Война в Афганистане, как и любая война — это трагедия человечества. А для нашего народа эта война вдвойне трагична, потому что велась на территории другого государства, в непривычных природно-климатических условиях, а также при слабом знании традиций этого народа, религиозного уклада, родоплеменных и этнических отношений. Кроме того, мировая общественность не была убеждена в правомерности нашего участия в этой войне, хотя у нас и был с Афганистаном договор о дружбе и взаимопомощи.

   1021 западноказахстанец прошел через ту войну, двадцать семь семей получили груз «200», 89 стали инвалидами, один воин пропал без вести. За мужество и героизм, проявленные в ходе боевых действий в Афганистане, орденами и медалями СССР награждены свыше двухсот тысяч военнослужащих, 86 удостоены звания Героя Советского Союза.     Мероприятие закончилось проведением обзора литературы «Ауғанстан ақиқаты».

Тюлемесова А.М.

заведующая библиотекой

Дома Дружбы ЗКО

 

Асемгуль Тюлемесова 2017-04-28

docx

" К юбилею Д.А.Кунаева"

         К юбилею Д.А.Кунаева

   

Каждая эпоха рождает

                                                                                                           Своих великих людей.

 

   В этом году исполнилось 105 лет выдающемуся государственному и общественному деятелю, академику Динмухамеду  Ахмедовичу  Кунаеву.                                                                                                     

   В библиотеке Дома Дружбы был проведен час истории, посвященный 105-летию со дня рождения Динмухамеда Ахмедовича Кунаева. Гостями мероприятия были учащиеся СОШ№44 8 «в» класса с классным руководителем Толеген Б.С. и школьным библиотекарем Исмагуловой А.Р..  В начале мероприятия был показан видеоролик о Д.А.Кунаеве, затем библиотекарь Шукирова Б.С. познакомила учащихся с его биографией.

   Динмухамед Ахмедович Кунаев – человек, который внес значительный вклад во благо светлого будущего Казахстана. Около 50 лет своей жизни он занимал руководящие должности и спсобствовал улучшению благосостояния нашей страны. С чувством особой гордости следует отметить титанический труд Динмухамеда Ахмедовича в становлении и последующем процветании Казахстана. В трудные времена прошлого столетия эта великая личность сыграла огромную роль в развитии нашей республики и казахского народа, его жизненный путь всегда будет ярким примером для молодого поколения.

   Мероприятие закончилось проведением обзора литературы «Мақтан тұтар ұлы тұлға».   В целом мероприятие прошло интересно, познавательно и увлекательно.

 

Тюлемесова А.М.

Заведующая библиотекой

Ассамблеи народа Казахстана

г.Уральск

 

Асемгуль Тюлемесова 2017-04-28

docx

«Үш тұғырлы тіл – заман талабы»

         «Үш тұғырлы тіл – заман талабы»

 

21 февраля 2017 года в Доме Дружбы г. Уральска совместно с библиотекой - филиалом №16 прошел круглый стол по теме: «Үш тұғырлы тіл – заман талабы». Библиотекой была оформлена книжная выставка по данной теме.

Цель проведения:  ассказать о доминирующей позиции казахского языка и  о поэтапном переходе на трехъязычное образование.

В работе круглого стола приняли участие: заместитель председателя Ассамблеи народа Казахстана ЗКО, заместитель руководителя управления образования ЗКО, сотрудники управления развития языков, КГУ «Қоғамдық келісім» аппарата акима ЗКО, преподаватели Назарбаев интеллектуальной школы г.Уральск, председатели и представители этнокультурных объединений ЗКО, члены научно-экспертной группы, преподаватели, участники проекта «Мың бала», учащиеся школ и университетов. Всего в работе круглого стола приняло участие  90 человек. 

Подводя итоги выступлений, заместитель председателя Ассамблеи народа Казахстана ЗКО Капаков Г.Х. отметил о важности знания трех языков, что это веление времени, требование сегодняшнего дня, ибо английский язык является языком новых технологий, новых производств, новой экономики.

 

Тюлемесова А.М.

 

Асемгуль Тюлемесова 2017-04-28

docx

«Великий батыр казахской степи»

Великий батыр казахской степи

   В библиотеке Доме Дружбы прошло мероприятие под названием «Великий батыр казахской степи», посвященное 275-летию со дня рождения известной исторической личности, оратора, дипломата, предводителя народного движения, нашего земляка Сырыма  Датова. 

   В мероприятии  приняли  участие историк, кандидат исторических наук  Областного центра истории и археологии Тукешева Н.М. и учащиеся СОШ№24 7 «в» класса. В начале мероприятия библиотекарь познакомила учащихся с биографией Сырыма Датова.    

   Затем слово было предоставлено  историку Тукешевой Н.М. Она рассказала о том, что Сырым Датов – историческая личность, известная в Казахстане, России, на территории современных среднеазиатских республик, Турции и других государств своего времени. О роли Сырыма Датова говорит такой факт. Он вынудил императора заменить ханскую структуру правления Младшим жузом коллегиальной формой управления – Народным собранием. Но главная его заслуга заключается в том, что впервые он сумел поднять колонию до уровня самостоятельной административной территории, управляемой народом в рамках законов царской России. В итоге были прекращены набеги казаков, казахи получили свободный доступ к реке Урал.

Естественно, добиться подобного было делом нелегким. Для этого требовалась многолетняя подготовка. Кроме того, надо было убедить народ в том, что ханская система управления страной отжила свое время. Сырым Датов одним из первых встал во главе вооруженного восстания казахов Младшего жуза против имперских устремлений России. Тукешева Н.М. отметила уникальность личности Сырыма Датова, который ставил национальные интересы выше личных, восстание под его руководством стало важным началом борьбы за независимость и национальной гордостью. Мероприятие закончилось проведением обзора  литературы по данной теме.

Тюлемесова А.М.

зав. библиотекой

Ассамблеи народа Казахстана ЗКО

         

 

Асемгуль Тюлемесова 2017-04-28

docx

«Қазақ поэзиясының жұлдызы»


      «Қазақ поэзиясының жұлдызы»  

 

   №16 кітапхана – филиалында №44 ЖОББ мектебінің  6 «в» сыныбының  қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық  акциясы  бойынша, қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежірешісі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Қазақ поэзиясының жұлдызы»   атты әдеби сағаты өтті.

   Сұлтанмахмұт Торайғыров – ерте оянған, елдің мұң-мұқтажын ерте түсініп жырлаған азамат ақын. Бала күннен жазған өлеңдерінің өзінен-ақ ол әлеуметтік теңсіздікті, халықтың қоғамдық өмірін  жіті көзқараспен тани білген.

   Реалист - ақын ХХ ғасыр әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән - мағынасы жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, ХХ ғасыр басындағы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті.

   Әдеби кешіміздің барысында ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оқушылардың назарына кітап көрмесі ұсынылды (7 кітап). Кешке 24 оқушы қатысты. 

 

Тюлемесова А.М.

    

 

Асемгуль Тюлемесова 2017-04-28

docx

"Сәуле шашқан сырлар"

Атақты балалар жазушысы Әнуарбек Дүйсенбиевке 85 жыл толуына орай

Салтанат Меңдіғұлова Бейбітқызы 2017-04-29

docx

«Кітап және білім жетістікке апаратын жол»

1-сыныптарды кітапханамен таныстыру бағыты

Салтанат Меңдіғұлова Бейбітқызы 2017-04-29

docx

"Мұқағали музам менің"

Поэззия жыршысы -Мұқағали ақынға жеке өлеңім

Салтанат Меңдіғұлова Бейбітқызы 2017-04-29

doc

Ерліктің көзі, Елдіктің сөзі, Өрліктің өзі-сіздер!

Тәуелсіздік күніне орай

Салтанат Меңдіғұлова Бейбітқызы 2017-04-29

docx

«Алғашқы дала ұстазы»

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай

Салтанат Меңдіғұлова Бейбітқызы 2017-04-29

docx

"Ана-деген тіршіліктің тірегі"

8-наурыз аналар мейрамына орай

Назерке Тастайбек Тастайбекқызы 2017-05-04

docx

Жүректерге нұрын төккен ұлы күн

мүмкіндігі шектеулі жас оқырмандарға арналған шара

Назерке Тастайбек Тастайбекқызы 2017-05-04

docx

Мейірімділік және мейірбандылық жер бетін құтқарады

қайырымдылық акциясы

Назерке Тастайбек Тастайбекқызы 2017-05-04

docx

Тағдыр сыйлаған талант

тақырып кеш

Назерке Тастайбек Тастайбекқызы 2017-05-04

docx

Отбасының қызығушылық әлемі

отбасы күні кеш

Назерке Тастайбек Тастайбекқызы 2017-05-04