Сабақ жоспарлары
Сабақ жоспарлары
docx

"Еңбек бәрін жеңбек"

Жаңашыл сабақ жоспары

Самал Саденова 2017-04-04

docx

Іздегенде табылатын қасыңнан

достық туралы 8 сынып

Гүлдана Нұрғалиева 2017-04-05

docx

"Адамдардың бәрін сүй, бауырым деп"

сүйіспеншілік қасиет туралы түсінік беру

Гүлдана Нұрғалиева 2017-04-05

docx

"Кешірімділік - көңіл кеңдігі"

Кешіре білуге үйрету 8 сынып

Гүлдана Нұрғалиева 2017-04-05

docx

Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Өзін - өзі тану "Өзіңмен үйлесімді өмір сүру" 1 сынып

Молдир Кадирбаева Багдатовна 2017-04-06

doc

Ізгілік іздеп келемін

Ізгілікке жетудің  негізгі қағидалары туралы  туралы түсінік беру

Қарлығаш Амалбай 2017-04-08

docx

Тілім – менің тірегім

Жаңа сабақ

Алма Аубакирова 2017-04-10

docx

Табиғатқа қамқорлық

Сабақ мақсаты:

-Мейірімділік,адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- обал мен сауап туралы түсінік беру.
-халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру.
-мейірімділікке,үнемдей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі
1 «Меркурий» ғаламшары.

 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Оқушыларды «жасыл,қызыл,көк конфеттер арқылы топқа бөлу.

1.         «Шырақ»

2.         «Қыран»

3.         «Ақ Сұнқар»

2 «Шолпан» ғаламшары
Тыныштық сәті . Нұрға бөлену  

     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

3 «Жер» ғаламшары Үй тапсырмасын тексеру.

Саяхатқа ойша барамыз. Әр қатарға сұрақ қойылады сіздер топпен жауап бересіздер.
1 топ Обал дегенді қалай түсінеміз?
2 топ Сауап дегенді қалай түсінеміз?
3 топ Обал мен сауаптың айырмашылығы?

Сабақ барысын талдау:

4 «Қызылжұлдыз» ғаламшары.
Мұғалімнің сыйы. «Бір үзім нан» ертегісі
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен.
    Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
    Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады.
Бай алтынын көтеріп ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер – дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймындеп жауап береді кедей!
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
-Алтынымның жартысын берейін- дейді ол бұл жолы.
-Жоқ, бере алмаймын,-деп бұл жолы да кедей келіспейді.
  Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтының айтады.
  Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі.
  Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
1-топ «Шырақ»  Наның қадірін бай қалай түсінді?
2-топ «Қыран» Кедейдің бойындағы ізгі қасиеттер?
3-топ «Ақ Сұнқар» Алтын мен нанның қайсысы артық және неліктен.

 

5  «Есенқырған» ғаламшары
Дәйексөз
1-топ «Шырақ» , «Обалды біліп өссең сауапқа кенелесің»
2-топ «Қыран», «Қыс ұясын бұзба»
3-топ «Ақ Сұнқар», «Үлкеннің алдынан кесіп өтпе»

 

6  «Қоңырқай» ғаламшары

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-топ Шырақ. Обал  сөзін талдау

2-топ Қыран. Сауап сөзін талдау

3-топ Ақ Сұнқар «А,К,С» әріптерінен басталатын жақсы сөздерді жазу

7.Уран ғаламшары.
«Обал мен сауап» ойыны

Көк шөпті жұлма,ОБАЛ БОЛАДЫ.

Қарияның жүгін көтеріс,САУАП БОЛАДЫ.

Торға түскен құсты босат,САУАП БОЛАДЫ.

Сүтті төкпе,ОБАЛ БОЛАДЫ.

Ұяны бұзба,ОБАЛ БОЛАДЫ

 

8«Нептун» ғаламшары

Топпен ән айту

Бала тілегі
Бал балалық балдырған шақ, сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз
Атамекен түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік, ұлан байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні бүгінде
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен үлкейсін,
Ұлы Отаным тілегім сол менің де.

 

9 «Плутон» ғаламшары
Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

Жандосова Айжан Жандосқызы 2017-04-13

docx

Өзін-өзі тану пәнінің қоғамдағы орны

Тілі: қазақ

4-бөлім ,

32-тақырып,

25-сұрақ.Тапсырма

№1Ұлттық тәрбие бұл-;.ДұрысТәлім тәрбиелік ой пікірдің ілкі бастауы,халықтың рухани мұрасыТапсырма №2Адамгершілік,имандылық тәрбиесі жүзеге асырылатын тәсіл ;ДұрысМақал-мәтелдердеТапсырма №3Ақыл-ой тәрбиесінің жүзеге асырылу жолы,бұл-;ДұрысЖұмбақтар мен айтыстарТапсырма №4«Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие» еңбегінің авторы ;ДұрысӘ.ТабылдиевТапсырма №5Ішкі жан дүниемізбен ,түйсігімізбен сезінетін рухани дүние бұл-ДұрысЖан азығы-рухани құндылықтарТапсырма №6«Тәрбиенің мақсаты-білімге негізделген этикалық,эстетикалық құндылықтарды адам бойына дарыту»тұжырымының авторы;ДұрысӘл-ФарабиТапсырма №7Білігі мен білімін халық игілігіне жұмсап ,ұлт мүддесі жолында өзін құрбан етуге даяр тұлғаДұрысЗиялы адамТапсырма №8Моральдық құндылықты тап ;ДұрысТәртіптілікТапсырма №9Тәртіп, бұл -ДұрысҚоғам мүшелерінің белгілі бір ережелерді сақтауыТапсырма №10 Қоғамдық сананың формасы;ДұрысМоральТапсырма №11Сәулет және архитектура, бұл -;ДұрысРухани құндылық

Жандосова Айжан Жандосқызы 2017-04-13

docx

Арман - жарқын болашақ бейнесі

Арман - жарқын болашақ бейнесі

Гулназ Таурбаева 2017-04-13

docx

Өркениет - ел мұраты

Өркениет - ел мұраты

Гулназ Таурбаева 2017-04-13

docx

Шаттық толы жүрекпен

сабақ жоспары

Сырга Базаргалиева 2017-04-17

docx

Урок самопознания в 5 классе "Мир и согласие между людьми"

Предлагаемый материал является разработкой урока по самопознанию в 5 классе по теме "Мир и согласие между людьми". Урок выдержан по всем требованиям, предъявляемым к урокам самопознания.

Исмаганбетова Алмагуль Жанибековна 2017-04-17

docx

Урок самопознания в 6 классе "В гармонии с природой"

Предлагаемый урок раскрывает учащимся ценность окружающей природы и обозначает место человека в этом мире. Урок выдержан по всем требованиям, предъявляемым к урокам самопознания

Исмаганбетова Алмагуль Жанибековна 2017-04-17

docx

Урок самопознания 7 6 классе "О достоинстве человека"

Предлагаемый материал ориентирует учащихся проявлять уважение к каждому человеку, видеть его положительные сторону, уважать его как личность. Урок выдержан по всем требованиям, предъявляемым к урокам самопознания

Исмаганбетова Алмагуль Жанибековна 2017-04-17

docx

Урок самопознания 7 классе "О достоинстве человека"

Данный урок ориентирует учащихся на принятие каждого человека как личности, на взаимное уважение и видение в каждом положительный сторон прежде всего. Урок выдерживает все требования, предъявляемые к урокам самопознания

Исмаганбетова Алмагуль Жанибековна 2017-04-17

docx

Әсемдікке ұмтылайық

6-сынып өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Сейтова Гүлзада Пернебекқызына 2017-04-17

docx

Шаги к здоровью. Открытый урок

енность - ненасилие.

Качества - счастье, трудолюбие.

Цель урока: формирование представлений учащихся о здоровье человека как проявлении ненасилия.

Задачи:

  1. способствовать пониманию здоровья как важной составляющей счастливой жизни;

  2. развивать навыки здорового образа жизни;

  3. воспитывать стремление вести здоровый образ жизни.

Ресурсы(материалыисточники)

1.Ролик «Хрустальная грусть»

2.Мультфильм «38 попугаев»

Ход урока:

  1. Орг.момент. Позитивный настрой на свет..

Учитель читает одну строчку, а дети хором - следующую («Кто ответит — почему?»). Последнее четверостишие учитель читает сам.

Генрих Сапгир

Мы бежим быстрее ветра.

Кто ответит - почему?

Коля прыгнул на два метра.

Кто ответит почему?

Маша плавает, как рыбка.

Кто ответит - почему?

На губах у нас улыбка.

Кто ответит — почему?

Может мостик сделать Шура,

По канату лезу я,

Потому что с физкультурой

Мы - давнишние друзья.

Примечания

  1. Проверка домашнего задания.

  • Чему удивлялись дети?

  • Как Айдар учился?

  • Что делал Айдар на концерте?

  • Почему у Айдара все получается?


  1. Рассказывание истории (притчи).

  • «Поющий цветок»

В одном доме жил-был Поющий Цветок. Вообще-то это было обычное комнатное растение с длинным зеленым стеблем и тоненькими листьями. Но один раз в год, в начале лета, у него распускались чудесные цветы, которые были похожи на золотые колокольчики. Эти колокольчики звенели так красиво, что растение, на котором они росли, все стали называть Поющим Цветком.

На закате летнего дня пение колокольчиков было особенно красивым. Все растения и птицы замирали в эти минуты и восхищались волшебными звуками. Но эта песня отнимала много сил у Поющего Цветка, и ему требовался отдых. Поэтому Цветок ставили в темное место, чтобы листья замедляли свой рост и не вытягивали из корней питательные вещества. Уже на следующий год Поющий Цветок мог радовать всех своим мелодичным пением.

Но однажды Поющий Цветок очень загордился собой: «Я могу своим пением покорить весь мир!» «Как же ты его покоришь, если почти все время ты спишь?» - возразил ему воробей, который ловко примостился на подоконнике. «А я не буду спать! Буду петь круглый год!» - ответил Поющий Цветок. Так он и сделал.

Перелетные птицы улетали в теплые края, листья на деревьях пожелтели и опали, все готовились к отдыху. А Цветок продолжал петь, но со временем в его мелодиях звучало все меньше радости, все меньше было волшебства. Может быть, потому, что против всех законов природы Поющий Цветок отказывал себе в отдыхе? Скоро его колокольчики изменились, они стали бледные и вялые, а песня исчезла совсем.

«Что же ты не поешь?» - спросил его все тот же воробей.

«Не могу, не получается», - грустно отвечал Цветок.

«Конечно! - произнес воробей. - Ведь ты потратил все силы, а новые не накопил. Нам, воробьям, как всему живому, тоже нужно беречь силы, а не только тратить их. Поэтому мы кушаем вкусную пищу, спим, сколько нужно, дышим свежим воздухом. А иначе крылышки слабеют, глазки тускнеют, да и заболеть можно очень быстро».

«По-моему, я уже заболел, я уже не могу петь. Что же мне теперь делать?» - спросил приунывший цветок.

«Теперь тебе нужно побольше отдыхать, набираться сил, чтобы следующим летом ты вновь радовал нас волшебным пением своих колокольчиков», - посоветовал Поющему Цветку воробей.

  • Что произошло с цветком?

  • Как изменился внешний вид цветка?

  • Для чего нужен отдых цветку?

  • Нужен ли отдых человеку?

  • Что нужно соблюдать, чтобы всегда оставаться в хорошей форме?

  • Просмотр мультфильма «38 попугаев»


  1. Позитивное высказывание (цитата).

« Здоровье — не всё, но всё без здоровья ничто»

Сократ

  • Как вы понимаете это выражение?


  1. Творческая деятельность, групповая работа.

Рабочая тетрадь Задание 3-5, стр 81-83.


  1. Домашнее задание.

Стр 125 «Наша Родина» прочитать.


  1. Групповое пение. «Утренняя гимнастика»


  1. Заключительная минута тишины.

Жандосова Айжан Жандосқызы 2017-04-18

docx

Отбасы жарастығы

Отбасы жарастығы

Гулим Сисенова 2017-04-20

docx

"Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет"

"Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет"         

Гулим Сисенова 2017-04-20

docx

Красота Родной Земли.

Цель углубить представления учащихся о взаимосвязи человека с природой

Задачи: - расширение знаний о понятии «красота природы»

- развития умения выражать свое отношение к природе.

- воспитание позитивного отношения к окружающему миру.

Роза Болыскенова 2017-04-22

docx

Гражданин Земли

Цель углубить представления учащихся о взаимосвязи человека с природой

Задачи: - расширение знаний о понятии «красота природы»

- развития умения выражать свое отношение к природе.

- воспитание позитивного отношения к окружающему миру.

Роза Болыскенова 2017-04-22

docx

Вечный поиск, вечный путь

Цель углубление представлений учащихся о понятии «истина»

Задачи:

Раскрыть понятие истина и её значение для человека;

Развивать  понимание  значимости поиска истины для каждого человека;

Воспитывать стремление воспринимать истину с любовью через слова и мысли.

Роза Болыскенова 2017-04-22

docx

«Адами қарым – қатынас ізгіліктері»

Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

Ербасова Асылзат Бегимбаевна 2017-04-23

docx

Тақырыбы: "10 сыныпқа арналған өзін өзі тану пәнінен тест жұмыстары"

 

Өзін-өзі тану пәнінен тест І нұсқа

   1.Сіздің досыңыз қиын жағдайға ұшырады:

А) досыңызбен кездеспеуге, онымен араласпауға тырысасыз;

Б) бірден оған көмекке келесіз;

В) Егер өзіңіз көмектесе алмасаңыз, онда өзіңіздің басқа достарыңыздан көмек сұрайсыз.

2. Егер біреумен келісім жасау қажет болса:

А) жалаң сөзге сенемін;

Б) сенім болу үшін жазбаша түрде де жасаймыз;

В) өзіңізге ыңғайы келген кезде оңай бас тарта алатындай жеңіл орындалатын міндеттерді аласыз.

3. Қиындыққа ұшырасаңыз:

А) өзіңізге деген сенімділіктен айырыласыз және көздегеніңізден бас тартасыз;;

Б) «бәрі орнына келеді» деген үмітте боласыз;

В) сізді қиындықтарды жеңуге деген ниет болады.

4. Егер сізге аяқ асты жағымсыз сұрақ қойса, онда:

А) бірінші ойға келген жауапты бересіз;

Б) ұзақ ойланғаннан кейін жауап бересіз;

В) бірден және дұрыс жауап бересіз.

5. Егер сізге көпшіліктің алдында сөйлеу керек болса, онда:

А) ұяласыз;

Б) одан ұялмайсыз;

В) өзіңізді еркін сезінесіз.

6. Егер талас кезінде өзіңіздің қателігіңізді байқасаңыз:

А) сол мезетте қателігіңізді түзейсіз;

Б) қате жібергеніңізді білесіз де, өз көзқарасыңыздан тайынбайсыз;

В) таласқа түсуді тоқтатасыз.

7. Сіздің пікіріңізше, шындықты қорғау бұл:

А) оңай емес барлығыда жағдайға байланысты;

Б) жүйке қозуына алып келеді;

В) маңызды және өте қажет.

8.  Басқа көзқарас ұстанатын досыңызбен талас-тартысқа түссеңіз, онда:

А) көбіне оның көзқарасының дұрыс емес екендігіне көзін жеткізе аласыз;

Б)өз пікіріңізде қала бересіз;

B)көзқарасызыңыздың дұрыс емес екендігіне ол толығымен көз жеткізе алады немесе кішкене болса да өз пікіріңізді өзгертесіз;

9. Талас қатаң сипатқаие болған кезде:

А) ашуланасыз;

Б) тыныштық сақтайсыз;

B) дауысыңызды көтересіз.

10. Өзіңізге жиі қажет болатын мекен-жайлар мен телефон нөмірлерін:

А)жазбайсыз, себебі оларды оңай таба аласыз;

Б)кітапшаға жазып қоясыз;

B)оларды есте сақтайсыз.

11. Біреумен таныстыңыз және келесіде кездескенде:

А)оны бірден танисыз;

Б)оның аты-жөні еске түсіре алмайсыз;

B)кездескеніңізді білесіз, бірақ қашан және қайда екенін еске түсіре алмайсыз.

12.Қызықты пікірталастан кейін:

А)өзіңіздің қарсыласыңыздың барлық түйіндері есіңізде жақсы сақталады;

Б)оларды ұмытқаныңызды дұрыс деп санайсыз;

B)ең маңыздысын еске түсіре алмайсыз.

13.Кикілжіңге араласқан кезде:

А)жақтаған адамадрыңыздан пайда келуін көздейсіз;

Б)айналаңыздағыларды таң қалдырғыңыз келеді,

B)әлсіз адамды қорғауға ұмтыласыз.

14.Егер досыңыздың біреуі қателессе:

А)ашық түрде «қарсылығыңызды» айтасыз;

Б)оның қателескендігін білсеңіз де, оны жақтайсыз;

B)бұл тақырыпқа әңгімелесуден бас тартасыз.

15. Күшті тұрақты жігерлі тип:

А) Меланхолиг     Б) Сангвиниг   В) Холерик

 

 

 

 1.Адамның өзін-өзі тандауында білімнің рөлін атап көрсеткен қазақ ағартушы-ғалымдыр:

А)М.Өтемісұлы

Б)Ө.Жолдасбекова

С)И.Тайманов

Д)Ы.Алтынсарин

Е)Қ.Сәтбаев 

2.Жүрек қалауымен мамандық таңдауға сізге көмек көрсете алады:

А) хисса-дастандардағы кеәпкерлер

Б) ата-анаңыз

С) аңыз кеціпкерлері

Д)батырлар жырының кейіпкерлері

Е)бейтаныс адамдар

3.Адам жан дүниесіндегі рухани қажеттіліктер туындайды:

А) қауіпсіздік пен қорғанысқа ұмтылысынан

Б)билікке қол жеткізу қуанышынан

С) өмірге, сұлулыққа іңкәрлік және тұрмыс қуанышынан

Д)қоршаған заттар мен құбылыстардың әр алуандығы

Е) ұзақ уақыт өмір сүруге ұмтылыс

4.Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қарым-қатынасқа қажеттілік анық көрінеді:

А) қонақжайлықтан

Б)сенімсіздіктен

С)агрессивтіліктен

Д)тұйықтан

5.Кез келген дау-дамай жағдайатында болады:

А)жеңімпаздар, жеңілгендер

Б)бақылаушылар, жәбірленушілер

С)жеңімпаздар, бақылаушылар

Д)бақылаушылар, келісушілер

Е)табыстылар, бақылаушылар

6.Махаббаттың адамшылықтың және адамгершіліктің жоғары көрінісі екендігі білінеді:

А)сезімнің буырқануынан

Б)рухани, дене, интеллектуалдық құштарлықтыңм бірлігіне

С)құпия-сырлылығынан

Д)адамды биікке көтеруі мен ізлілендіруінен

7.Туыстық байланыстар басты рөл атқарады:

А)өз отбасын құруда

Б)достарымен көңіл көтеруде

С)өмір жолын таңдауда

Д)болашақ жарын таңдауда

Е)өзіне дос таңдауда

8.Патриотизм:

А)өз елінің қазба байлықтарын пайдалану

Б)әртүрлі ұлттардың тілін білу

С)өз Отанына деген сүйіспеншілік

Д) отаны үшін құрбандықпен ерлікке дайын тұрушылық

Е)түрлі елдердің саясатын қолдау

9.Ұлттық мәдени мұраның құндылықтарын сезіну:

А)жалпымемлекеттік маңызды идеологияны сіңіреді

Б)патриоатизм сезімін қалыптастырады

С)ұлт өкілін өкіндіреді

Д)эгоцентризмді қалыптастырады

Е)езілген халықтың еңсесін түсіреді

10.Қазақ дүниетанымында «Әлемнің жетіспеушілігін жеңу мүмкіндігі»:

А)Адамға немқұрайлы өарауда

Б)Тайталастылықта

С)Адамды өзінен аластауда

Д)Салқынқандылық

Е)Қонақжайлылық

11. Адам өзін – өзі жүзеге асыра алады:

А) Адамдар қоғамда орынтануы керек қызметтерде;

Б) Әлеуметтік статустардың көпшілігінде;

С) Кез келген әлеуметтік статуста

Д) Әлеуметтік ортада

Е) тек жоғары статус шеңберінде

12. ...- бұл адамға қажетті жаңартылған білімді үнемі алу процесі?

А) Өнер   Б) Тану   С) Түсінік Д) Қызмет    Е) Шығармашылық

13.Адамның қажет қанағат күйзелісін қалай атайды:

А) Қобалжу  Б) Қуаныш    С) Темперамент  Д) Мінез    Е) Ерік

14.Адамның мінез құлығының саналы реттелуі бұл:

А) Мақсат  Б) Қуаныш    С) Даралық  Д) Мінез    Е) Ерік

15. Бейнеге еліктеу қажеттілігі:

А)Абырой  Б) Таным    С) Мұрат      Д) Мақсат    Е) Талап

Сакипкалиева Аида Ермековна 2017-04-24