Сабақ жоспарлары
docx

Балам сен мен үшін қымбатсың

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді.

Жазира Саматқызы 2017-04-06

docx

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Қазіргі уақытта бастауыш мектептің оқыту кезеңіне сәйкес келетін кіші мектеп оқушыларының жас шамасы 6-7 жастан 9-11 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде мектептегі жүйелі оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін баланың әрі қарайғы дене және психофизиологиялық дамуы жүзеге асады.

Жазира Саматқызы 2017-04-06

docx

Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

Ата-аналардан балаңыздан немен айналасатынын білу, бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлуін қадағалау

Жазира Саматқызы 2017-04-06

ppt

Дыбыстық жаттығу

дыбыстық гимнастикамен таныстыру: рух пен дененің тынығуы.

Жазира Саматқызы 2017-04-06

pptx

Мектепке дейінгі ұйымның психологиялық қызметі

Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді дамуына психологиялық, педагогикалық тұрғыда қолайлы жағдай жасау;

Жазира Саматқызы 2017-04-06

docx

Ана тілім - ардағым

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Жазира Саматқызы 2017-04-06

doc

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдыққа,ізденімпаздыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру, жас ұстаздарға көмектесу, тәжірибе алмасу.Міндеттері: - Жаңа қоғамдығы адамгершілік ,патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. - Мұғалімдердің эмоциялық көңіл - күйлерін көтеруге, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Нүргул Бигазиева 2017-04-08

doc

Біз 5 сыныпқа барамыз

Мақсаты:  өтпелі  кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмау.                       

Нүргул Бигазиева 2017-04-08

doc

« Өзің таңдаған өмір » атты тренинг

Мақсаты: оқушылардың өзін -өзі тануын, өзіне  баға беру дағдыларын қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау дағдысын  бекіту.

Нүргул Бигазиева 2017-04-08

docx

Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Сабақтың мақсаты:

1.     Түзете-білімділігі: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр түрлі мамандықтармен таныстыру.

2.     Түзете-дамытушылығы: Балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

3.     Түзете-тәрбиелігі: Балаларды мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 

 

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

 

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

«Құстар қалай ұшады?» ойыны

Бала құстардың дауысын келтіріп, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Қарға ұшар қарқылдап,

Торғай ұшар шырылдап,

Көгершін ұшар гуілдеп,

Қарлығаш шықшықтайды.

 

ІІ. Жаңа сабақ

Суреттер бойынша әңгімелесу.

- Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, жүргізуші, аспазшы жатады.

Дәрігер – адамдарды емдейді, дәрі береді. Ал, мұғалім сабақ оқытады.

Аспазшы болса бізге тәтті-тәтті тағамдар пісіреді екен.

Тігінші көйлек тігеді.

Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет.

- Сенің әкең қайда істейді?

- Жүргізуші

- Суреттен жүргізушіні көрсетші.

- Ал Әйгерімнің анасы қайда істейді екен?

- Тігінші

- Тігінші не тігеді?

- Көйлек

Жұмбақ шешу:

Ішті де,

Тісті де емдейтін

Ақ халатты

Абзал жандар кімдер?                            

- Дәрігерлер

- Мынау кім?

- Дәрігер

- Дәрігерлердің киімінің түсі қандай?

- Ақ

- Дәрігерлер кімдерді емдейді?

- Адамдарды

«Менің мамам – дәрігер» өлеңін жаттау

Тіс ауырса, іш ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық ана, барлық бала,

Оны жақсы көреді.

 

ІҮ. Сергіту сәті:

Ұшқыш болып ұшайық,

Тігіншіге ұқсайық

Дөңгелене би билеп,

Бишіге біз ұқсайық!

 

Ү. Бекіту:

Дидактикалық ойын: «Құралдардың иісі кім?»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Әр түрлі мамандық бірнеше құралдардың атын және оның иесі кім екенін допты беру арқылы балалардан сұрау

 

ҮІ. «Біз не білдік?»

Мамандықтар әртүрлі болады – дәрігер, аспазшы, сатушы.

Мамандықтың бәрі жақсы!

 

ҮІІ. Бағалау 

Балаларды жеке-жеке мадақтау

 

 

 

 

Айнур Кузербаева 2017-04-13

docx

Мүмкіндігі шектеулі балалармен мектептегі дефектологтың жұмыс жасау барысында атқаратын рөл

Мүмкіндігі шектеулі  балалармен мектептегі дефектологтың жұмыс жасау барысында  атқаратын рөл

 

                                                      

     Мақсаты:         

1.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; 2.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

3.Дефектолог жұмысымен ата-аналарды таныстыру.   

 

Көрнекілігі: Екі түрлі-түсті карточкалар, қағаз, қалам, ұшақ, ватманда ағаш суреті, стикерлер, слайд, презентация.

 

 Жоспар

1.     Кіріспе сөз. Мұғалім-дефектолог

2.     Мектеп директоры.

3.     Балардың тақпақтары;

4.     Тренинг:   шаттық шеңбер;

5.      Тақырып бойынша  презентация-слайд

6.     Сергіту сәті   «КӨҢІЛДІ  КҮН»

7.     Ата-аналармен  «Жанұя ойыны»

8.     Ата-аналардан жиналыстың өткізуде  рефлексия  арқылы  қорытындылау   «Жапырақтар»

Дефектологтың сөзі:

-Сәлеметсіз бе құрметті ата-аналар, қонақтар!   Біздің бүгінгі жиналысымыз Жолашар акциясы бойынша мектепшілік даму мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  ата-аналары мен  жиналыс  өткізу. Біздің бүгінгі жиналыста каралатың мәселе мектеп дефектологтың  атқаратын жұмысың сіздерге таныстыру.

2.Мектеп директордың сөзі

3.Балалардың тақпақтары

Дефектолог:    -Қазір сіздердің алдарында біздің кішкентай оқушыларымыз жиналысын ашады. Оқушылардың тақпактары. (Нильдибай Аяжан,Абсамат Әділет,Момын Азамат)

Ендігі кезектті мектеп психологіна берейік.

 4.Тренинг: «Зип-зуп-зап» Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіні айтады. Тренинг: шаттық шеңбері; (Психолог)  Содан кейін ата аналар топқа бөлінеді.

 

«Мектепте  дефектолог-мұғалім не үшін қажет?» сұрақ ата-аналарға

Жауабы: мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқыту үшін

5.Дефектолог-мұғалімнің сөзі презентация мен бірге

Барлық  балалар әртүрлі. Баланың тууы – әрбір отбасыда қуанышты жаңалық. Барлық  балаға сүйіспеншілік, қамқорлық   пен мейірімділік қажет.

2       Слайд. Ұшақ ойыны өткізіледі.

-Құрметті Ата-аналар, мен сіздерге кағаз таратамын. Одан осындай ұшақ жасауларыныз керек. Жасап болғасын көтересіздер....Әр қайсыңыздың ұшақтарыныз әр тұрлі, сол сияқты балалар да әр тұрлі!

3       Слайд. Дефектолог-мұғалім келесі қызметтерді атқарады:

·        Оқушының  негізгі белсенділігін, психикалық барысын арттырады. Соның  ішінде оқушының  зейінін, есін, қабылдауын  және  ойын  дамытады.

·        Оқушылардың  коммуникативтік  қызметін  дамытады.

·        Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы  коррекциялық көмек көрсету;

·        Әрбір оқушының  дамуын толық  зерттеп, оқуға  қабілетін анықтайды.

4       слайд. Дефектологтың мақстаты:

·        Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету.

·        Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

·        Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен байланыста болу.

5       слайд. Күтілетін нәтіже:

·        Психофизиологиялық  мүмкіндігі дамиды;

·         Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алад;

·        Әлеуметтік – адамгершілік  қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады.Өмірге құштарлығы артады.

6. слайд     2014 оқу жылдан бастап  «Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп МДШО» инклюзивті оқыту бойынша жұмыстар атқарылуда. 1 қыркүйектен мектепте дефектолог жұмыс жасауда.

Мектебімізде оқушылардын саны  – 603, даму мүмкіндігі  шектеулі балалардың саны – 10, мүгедек балалардын саны – 1.

7 слайд       Дефектолог әлеуметтік педагог пен мектеп психологымен бірге даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен іс-шаралар жоспары мен консультация жасалады

8 слайд. Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:

·        Қоғамның көз –қарасын өзгерту;

·        Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету;

·        Толық білім алуды ұйымдастыру;

·        Қоршаған ортаға бейімдеу;

·        Дені сау балалармен тең ұстау;

·        Өз-өзіне сенімін арттыру.

 

9 слайд  Жүзеге  асу  жолдары:

·        Коррекционды сыныптар;Инклюзивное образование в Казахстане.mp4

     ● Техникалық құралдар мен жабдықтар

     ●  Педагогикалық- психологиялық консилиум

     ●  Дефектолог жұмысы

     ●  Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет.

 

10 слайд

Сөйлеу  тілінде кемшіліктері бар оқушылармен дефектолог  жұмыс істейді.

11 слайд, соңғы

 

6.Сергіту сәті   «КӨНІЛДІ  КҮН»

7.Дидактикалық ойын   «Жанұя ойыны»  

Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

-Құрметті ата-аналар, бүгінгі біздің дидактикалық ойынымызды, өткіземіз  сұрақ-жауап аркылы,  себебі  жанұя ойында біздің негізгі мақсатымыз  балаңызды қалай тани білгенін анықтау.

«Жанұя ойыны» сұрақ-жауап ойын:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Мұгалімнің  толық аты - жөні?Дефектолотың?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
9.  Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
10. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7 Рефлексия.  Ата-аналардан жиналыстың өткізу қорытындысын  рефлексия  арқылы    өткізу  «Жапырақтар».    Қорытынды, сұрақ – жауап алмасу.

 

Айнур Кузербаева 2017-04-13

docx

Ата-аналармен жұмыс жоспары

Ата-аналармен

жұмыс

 

жұмыс мазмұны

 

мерзімідер

жауапты

1

Жаңадан келген балалардың

ата-аналармен негізгі консультация беру

жыл бойы, балаларды қабылдауына

қарай

меңгеруші, әлеуметтік ұстаз

2

Қызметтерді қамтамасыз ету үшін

ата-аналармен келісім-шарттарды толықтыру

 

жыл

бойы

әлеуметтік

ұстаз

3

Ата-аналармен

консультациялық-әдістемелік жұмыс:

1.ата-аналарға отбасылық сағат:

*баланы тәрбиелеу және дамыту

үшін отбасының рөлі

*сөйлеу тілінің мүкістігі бар

балаларға логопедтің көмегі

*психикалық дамуы тежелген

балалардың танымдық белсенділігін дамыту

*психикалық дамуы тежелген

балаларды әлеуметтік бейімдеу

*психикалық дамуы тежелген

балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту

*жалпы және ұсақ моториканың

баланың дамуына әсері

*сенсорлық үлгілерін дамыту

2.психологиялық тренингтер

3.ата-аналарға кеңес беру

 

 

 

 

 

 

 

 

аптасына бір рет

 

 

 

 

 

жыл бойы жоспарға сәйкес

 

 

 

 

 

 

 

Дефектолог

 

 

әлеуметтік ұстаз,

психолог

логопед,дефектолог

 

ЕФК ұстазы, дефектолог

дефектолог,психолог

 

бар мамандар

4

Ата-аналарға арналған

ақпараттық бұрышын ұйымдастыру

 

ай сайын

мамандар

5

Отбасының

әлеуметтік-психологиялық ортасын,тұрмыстық жағдайын зерттеу үшін отбасыларға

қатысу

 

таңдаулы

әлеуметтік ұстаз

6

Мерекелерді, сайыстарды

өткізуіне ата-аналарды қатыстыру

 

жыл бойы

мамандар

 

 

 

 

 

 

Айнур Кузербаева 2017-04-13

docx

мұғалім- дефектологтың түзету-әдістемелік жұмысының жылдық жоспары

мұғалім- дефектологтыңтүзету-әдістемелік жұмысыныңжылдық жоспары № Жұмыстың бағыттарыІс-шаралардың өткізу мақсаты Мерзімі I Диагностикалық бағыты 1Қалалық педагогикалық-дәрігерлік-психологиялық қорытынды негізінде анықтамалармен оқушылардың тізімін жасақтауТізім жасақтау Ай ішінде 2Оқушылардың танымдық және оқу әрекетінің ерекшеліктерін анықтау.Зерттеу картасын толтыру 2-12 қыркүйек3Оқушыларды оқу үрдісінде және түзете-дамыту сабақтарында дамуын бақылау.Оқушыларды толықтай зерттеуҚыркүйек4Оқушылармен өткізген түзете-дамыту жұмысының бағдарламадағы білімін, икем және дағдыларды меңгеру нәтижесін қарастыру.Таным әрекеттерін зерттеу: қабылдау, ойлауын,зейінін, сөйлеу тілінУақытында5Бастауыш түзету сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысуӨзара сабаққа қатысу Уақытында6Сынып жетекшілерімен байланыс орнатуОқушылардың танымдық қабілеттері туралы әңгіме Ай ішінде II Түзете – дамытушылық әрекет1Психикалық дамуы тежелген оқушылармен жеке және шағын топтарда түзеу-дамыту сабақтарын өткізуОқушылардың біліктілігін,таным қабілетінің бұзылыстарын түзету Жоспар бойынша2Оқушылардың дәптермен жұмыстары:-оқушылардың жасына сәйкес қалыпты жағдайларын анықтау,-заттардың құрылымдық қатынастарын қалыптастыру-оқу материалын қабылдау дайындықтарын анықтауТанымдық қабілеттерін анықтай отырып жұмыстануСабақ барысында3Оқу материалын игеруде біліктілік дағдыларын, қабылдауын қалыптастыруСабақ барысында деңгейлі даму бағытын ұстануЖоспар бойынша4Сынып аралық шараларға қатыстыруСынып жетекшілермен байланысып отыруАй ішінде III Методикалық әдістемелік кеңес беру қызметі1Арнайы-ағартушылық және бағыт-бағдар беру бағыттары-мұғалімдерге,ата-аналарға түзете-дамыта оқытудың және тәрбиелеудің бағдарламасы бойынша көмек көрсету,кеңес беру-ата-аналар жиналысына баяндамалар жасақтауУақытында2Ата-аналармен мұғалімдер арасында дефектологиялық білім әрекеттерін насихаттауМұғалімдермен ата-аналарды баланы түзете тәрбиелеудің өзекті мәселелермен таныстыруУақытында V.Ұйымдастыру жұмысы1Мектепішілік пед консилиум отырысына қатысу.Балалардың тұжырымдамаларына қарай жұмыстануОқу жылының басы2Мектептегі консилиум мамандарымен пәнаралық ықпалдастық.Балалардың даму деңгейіне қарай динамикасын бақылауОқу жылының соңы IVӘдістемелік жұмысМамандандырылған білімді жоғарылату1Лекция,тәжірибе алмасу,әдістемелік бірлестік курстарға қатысуМамандандырылған білімді жоғарылатуУақытында2Ғылыми әдебиеттермен жұмысМамандандырылған білімді жоғарылатуАй ішінде3Дефектолог сабағында динамикалық бұзылысы,сыртынан бақылау,таным қабілетін анықтай отырып жұмыстануОқушылардың дамуы үшін динамикалық бақылау жүргізу,түзету жұмыстарының бағыттарын әдіс-тәсілдерін анықтау,оқу барысында оқушыларды бақылауСабақ барысында4Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарын құруЖылдық жоспар жасақтауОқу жылы басында5Сабақ жоспарын құруТүзеу-дамыту жұмысының сабақ жоспарын жасақтауОқу жылы басында6Балалардың сабаққа қатысу туралы журналын толтыруЖурналды уақытында толтырып отыруСабақ барысында7Жылдық есепЖылдық есеп жазуМамыр8Оқушыларға жазғы тапсырма беруАта-аналардың көмегімен танымдық қабілеттерін дамыту тапсырмаларымен жұмыстануЖаз айларында Мұғалім-дефектолог:

Айнур Кузербаева 2017-04-13

docx

Жемістер

Сабақтың  тақырыбы:Жемістер

Мақсаты: балалардың  жемістер туралы білімдерін анықтау; сызба бойынша

әңгіме құрастыруға дағдыландыру; сөздерді жекеше және көпше түрде айтуға дағдыландыру; белсенді сөздік қорды дамыту; зейінді, есте сақтау қабілетін  дамыту.

Түзете-дамытушылық міндеттері: мұрын және ауыз арқылы тыныс  алуды үйрету, диафрагмальді тыныс алуды жетілдіру. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға , әңгіменің мазмүнын айтуға үйрету. Танымдық процесстерін дамыту.

Көрнекілігі: демонстрациялау материалдары - жемістердің бейнесі көрсетілген муляждар, бірдей жемістердің бейнесі салынған суреттер; конвертке салынған таратпалы cypeттi картиналар.

Ұйымдастыру кезеңі.

Баламен амандасу, сабаққа дайындау.

Негізгі бөлім.

Артикуляциялық жаттығулар орындау.

« Сағат», «Ат шауып келеді», «Алтыбақан», «Футбол».

Тыныс алу жаттығуларын орындау.

« Көбелекті гүлден ұшырамыз», « Мақта үрлеу».

Ауыз қуысына арналған жаттығулар:

-         Тамақты шаю;

-         Жөтелу;

-         Жұтыну;

-         Екі ұртты тістеу;

-         Екі ұртты үрлеу.

Сабақ барысы:

Жұмбақтар   шешу.   (Шeшyi   жемістердің   атауы   болып   табылатын

жұмбақтар жасырылады).

Сырты тәтті, іші тәтті.

Ортасында сүйегі қатты. 

                                          (Өрік)

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты- 

                      (Жүзім )

Балаларға cypeттiкартиналартаратылады. Олартуралысендер не білесіңдер?

Сергіту сәті

Бip кәрзеңкеге  сопақша көлеміндегі жемістерді, екінші кәрзеңкеге дөңгелек

көлеміндегі жемістерді жина.

 Зат eciм мен сан есімді байланыстыру

Логопед балалардың алдындағы жемістерді рет бойынша санап, олардың

нешінші? сұрағына  жауап  беруін  бақылайды.   Мысалы,  «Алма  нeшiншi

жеміс?»

Дидактикалық ойын. «Қандай шырын дайындаймыз?»

Зат есімдерді көпше түрде айту.

-Жемістердіңқандай түрлері болады?Қалай ойлайсыңдар? (Шикі, қайнатылған, пicкeн, кептірілген)

-Жемістерден қандай тағамдар жасалады? (Шырын, джем, тосап, компот)

 Сабақ қорытындысы.

 

 

 

 

Айнур Кузербаева 2017-04-13

doc

Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.

Тақырыбы : Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.

 

      Саусақ ойыны арқылы баланың  сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі  мүшелері  әрекетінің  қозғауларының  дамуы  қол саусақтарының  нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының  ептілігін  толық жетілдіру, түзету-тәрбие  жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және  үй жағдайында  әсерлі,  көңілді түрде  ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі  кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның  барлық бөліктері және жүйелері  қарқынды дамып, баланың  дене және ой  дамуына қажетті  қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.  Мектепке дейінгі  кезеңде  қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды  болып табылады.

  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары  ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы  ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

 

 «Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып  көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

 

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің  тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

 

 «Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар  біз сенімен достасамыз ( екі қолдың  саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан  бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді  санауды  аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

 

Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

 

 «Қимылды қайтала» жаттығуы

 

Мақсаты : қолдың, саусақтың  қимылдарының  үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген  «фигураны»  көрсетеді. ( кейбір саусақтар  бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі  қимылдар). Балалар  сол қимылды  тура солай қайталау керек.

 

Қолдың  саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

 

Мақсаты : қол саусақтарының  күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің  үстіне қоямыз. Балалар бірінші  оң, содан  кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды  кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе  қарындашты  ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан  төмен  түсіп кетпеуін  қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15  қарындаш немесе есептік  таяқшалар жатыр. Оларды  бір-бірден  алып қолға жинау керек. Содан кейін  тура  солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

 

 

«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға  есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан  геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1.      Төрт таяқшадан  шаршы құрастыру;

2.      Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

3.      Үй құрастыру;

4.      Жалауша құрастыру;

5.      Жұлдызша құрастыру;

 

 «Санамақ» ойыны.

 

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып  ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен  кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан  жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

 

 

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

 

Саусақ  жаттығулары

 

1.      Шынжыр. Оң және сол  қолдағы басбармақпен  баланүйрек  саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді  айқасып, шынжыр жасайды.

2.      Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол  саусақтары  бас бармақ  пен кішкене  бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек  саусақ  пен шылдыр шүмек  саусақ алдыңғы  аяқтар, ал ортаңғы  саусақ  пілдің тұмсығы.

3.      Доп: алақандар  бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

4.      Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар  айшанақпен  қосыла  түптері өзара  жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды  орындай отырып, мына өлең  жолдарын айтады.

 

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл  келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

 

Саусақтар жүреді :

 Екі саусақпен 5-ке дейінгі  тура және  кері санап, алға-артқа жүру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айнур Кузербаева 2017-04-13

doc

ҰБТ – ге психологиялық дайындық

                                                           ҰБТ – ге  психологиялық дайындық

 

 

 Қызылорда обылысы,

 Жаңақорған ауданы,

№180 «Қызылмақташы»

  орта мектебінің педагог – психологы

 

 Нәлібаева Бегайым Қалдыбекқызы

 

 

Бүгінде мектеп партасында отырған жасөспірім – ертеңгі ел азаматы. Сол жастардың білімін саралап, келешекке жолдама беретін тетік – ҰБТ. Мемлекеттік ҰБТ жүйесінің қолданысқа енгеніне он бир жыл болды, бұл үлкен мағынаға ие болып отырған іс барған сайын жетіліп, мектепті бітіруші түлектердің білім деңгейін шынайы айқындауда. ҰБТ – ғылымда дәлелденген,  тиімділігі іс жүзінде танылған үрдіс. Сонымен бірге, ұлттық біріңғай тестілеудің енгізілуінің мақсаты – оқушылардың мектепте алған білімдерінің нәтижесін бағалауда объективтілікті арттыру болып табылатын білім беру сапасын мемлекеттік аттестациялаудың бір түрі. Мектептегі ҰБТ-ге даярлық – бір жолғы акция емес, «Барлық оқыту кезіндегі жоспарлы жұмыстардың жалғасы» деген мақсат ұстанған жағдайда ғана тест емтихандарын ойдағыдай тапсыруға қол жетеді. 

Нәлібаева Бегайым Қалдыбекқызы 2017-04-20

doc

Духовно-нравственное воспитание как средство профилактики девиантного поведения старшеклассников

статья содержит методы работы в плане профилактики девиантного поведения среди подростков

Руслан Жабагин 2017-04-23

doc

«ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі басқарудың сыры»

Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады,дәл осы сынақтан өту, қиындықтан аттау, сол кезеңде түлектерге осы емтихан үлкен сынақ болып табылады. Емтихан немесе тест тапсыру әр адамның жекелей ісі екені сөзсіз, бала ҰБТ тапсыру кезінде жеке қалады, ол кезде ата-аналары мен мұғалімдері жанында болмайды. Сондықтан балада қорқыныш туады. Осы кезеңде балаларға психологиялық дайындық қажет.

Бакытгуль Шаяхметова 2017-04-28

docx

"Оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту»

"Оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту»

Бакытгуль Шаяхметова 2017-04-28

docx

Қазақ - қапысыз психолог: Мақал мәтелдердің психологиялық астарлары

Бұл баяндама мақал-мәтелдердің психологиялық және педагогикалық астарлын айқындайды.

Уап Ақтолқын Атиғоллақызы 2017-04-28

docx

Бала мен ата-ана қарым-қатынасы тренинг

ата-аналарға арналған психологиялық тренинг 

Динара Бескекилова 2017-05-06

docx

Бала мен ата-ана тренинг

Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг 

Динара Бескекилова 2017-05-06

docx

Таныс болайық жас маман

Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг 

Динара Бескекилова 2017-05-06

docx

«Қиын балалар немесе ерекше назардағы оқушылардың психологиялық ерекшелігі»

қиын балалармен немесе ерекше назардағы оқушылармен жұмыс жасауға байланысты психологиялық тренинг 

Динара Бескекилова 2017-05-06

docx

«Бәрімізде мақсат бір!» (ҰБТ – ға психологиялық дайындық)

11 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг 

Динара Бескекилова 2017-05-06