Сабақ жоспарлары
Сабақ жоспарлары
doc

Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарт та амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні »ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

Тұрсынқұлова Сәуле Лесқызы 2017-04-01

doc

Армысың әз Наурыз!

Ілесіп наурыз бен көктем жетсін, Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін. Еңсесі көтеріліп ер-азамат, Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін! – дегендей құрметті ұстаздар, ата-аналар Жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жақсы жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын! О «Б» сынып оқушыларының ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына арналған «Армысың– әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Наурыз – «наурыз» сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, ренжіскен адамдар достасады, жақын туыстармен дәм алысады, жеті түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды. Ән: «Наурыз – думан!» - Әділер, Алихан, Мерей, Нұрасыл.

Қаржауова Маншүк Камалбекқызы 2017-04-01

doc

Біздің Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Омарқұлова Айнагүл Тілектесқызы 2017-04-01

rtf

Қазақ биі ұлтымыздың асқақ рухы.

Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.

Администратор 2017-04-01

doc

Сыйынар ем Ана деген тәңірге

Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады

Администратор 2017-04-01

doc

Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Администратор 2017-04-01

doc

Оқушылардың қызығушылығын орнату үшін не қажет?

Бүгінде білім игеру процесінде ортаның маңызы дау тудырмайтын аксиома іспеттес. Американдық философ Джон Дьюи білімді тәжірибе деп түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен: «Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде пайда болады». Ал қоршаған ортаны Дж.Дьюи «жеке бастың қажеттіліктері, қалаулары, мақсаттары және қабілеттерімен әрекеттесу арқылы тәжірибенің іске асырылуын қамтамасыз ететін қандай да болмасын ситуация» деп атайды (Дж.Дьюи, 343).

АСХАТ ӘЛІМОВ 2017-04-01

doc

Алтын күз

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! « » атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық

Администратор 2017-04-01

doc

Аялайық ананы

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз «ана». Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,мейрімділік махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8- наурыз мерекесі. Бізде аналарымызды мерекемен құттықтау үшін «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Администратор 2017-04-01

doc

Біздің отбасы

Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Оларды жылдамдыққа, шапшандыққа, ептілікке, төзімділікке, өмірді белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету. Ата-аналарды, балаларды, дене шынықтыруға бейімдеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру

Л.С.Рамазанова-Кадыш 2017-04-01

doc

Білім – сенің болашағың

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгін 6 – сыныпта “Білім – сенің болашағың” деген тақырыпта тәрбие сағаты өткелі отыр. Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”. Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.

Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы 2017-04-01

doc

Бір халық – бір ел – бір тағдыр.

Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. «Оқу-инемен құдық қазғандай». Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік-биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!

Шаланова Гульмира Тлектесовна 2017-04-01

doc

Денсаулық – зор байлық.

Бүгінгі тәрбиелік іс- шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз- дененің саулығы деген мағананы білдіреді. Дененің сауы – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Ендіше « Денсаулық – зор байлық»деп халқымыз айтқандай, денаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір- біріне бірінші денсаулық тілейтіні себебі , міне , осында. Дені сау адам,әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.

Администратор 2017-04-01

doc

Келісім түбі – жарастық

Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін тамашалау

Жолдасбаева Б.И. 2017-04-01

doc

Достықтың үш түрі болады...

Достық ұғымы өте кең. Дос – қиналғанда да қуанғанда да бөлісер өмірлік тірегің. Дос - таразыға тартылмайтын, ақшаға сатып ала алмайтын, теңдесі жоқ байлық. Ол байлық кез-келген адамда болуы қажет. «Достықтың үш түрі болады...» деген тақырыпқа қарап, қандай үш түрі деп күтіп отырған шығарсыздар? Бірде Қазақстан Республикасының халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразидың теледидардан достық пен махаббат туралы тақырыпта сұхбат беріп отырғанына куә болғанмын. Ол кісінің айтуы бойынша, атасы достықтың үш түріне мынадай сипат беріпті: оның біріншісі – тұмсықтан қан шыққанша, екіншісі қалтадан мал шыққанша, ал үшіншісі кеудеден жан шыққанша.

Администратор 2017-04-01

doc

Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады!

1. Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира.Көз алартқан жаудың, қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған. 2. Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты, туыстықты, бірлікті қалыптастырған. 3. Қазақта, тіпті “көршіңмен де тату бол ” деген сөз бар. Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағандықтан айтылған.

А. С. Еликбаева 2017-04-01

doc

«Ғажайып алаң » интеллектуалдық ойыны.

Құрметті жиналған барша қауым, ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойынымызға қош келідіңіздер! Әр турда үш оқушыдан қатысып отырады. Кім ең бірінші дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болып келесі турда шыққан жеңімпаздар мен жарысады. Кім дұрыс жауап берсе сол оқушы жеңімпаз болады. Ендеше ойынымызды бастайық.

А. С. Еликбаева 2017-04-01

doc

Ертегілер елінде

Ұйымдастыру бөлімі Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы.Ертегіні сүйіп тыңдайтын,сүйіп айтатын балалар. Ертегі арқылы жақсы мен жаманды айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.Ертегілер еліндегі саяхат 5 кезеңнен өтеді. Саяхат барысында тапқырлығымызды, алғырлығымызды, білімімізді сайысқа түсіреміз. Ертегілер еліне саяхатымызды бақылап, баға беріп отыратын сиқыршы ханшайымдармен таныс болыңыздар: Ләззат Солтанқызы, Салтанат Бекжанқызы, Бибісара Темірғалиқызы

Администратор 2017-04-01

doc

Рахмет саған, Әліппе!

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын.Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы- «Әліппемен қоштасу».Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.Қош келдіңіздер!

Тәжит Манат Жанатқызы 2017-04-01

doc

Әр мекенге саяхат

Таратпа қағаздар беріледі. Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу. Көкшетау, Астана, Түркістан, Мәскеу қалаларына байланысты сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын тауып, өз топтарына орналасады. Сұрақ. - Балалар, неге біздер нақ осы 4 қана қаланы алып отырмыз? (күтілетін жауаптар) - Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан қай шаһар? - Отырар, яғни, Түркістан қаласы жөнінде мағлұмат беріп өтеміз Сонымен қатар әр қала бойынша халық саны жөнінде деректерді дәптерге түсіріп алады.

А. Т. Насамбаева 2017-04-01

doc

жаңа жылдық сценарий

Безендірілген шырша, баяу музыка. Балаларды сынып жетекшілері сахна сыртында дайындап тұрады. Әр сыныпты бөлек бөлек ортаға шақыратын бастауыш сынып 7 «Ә». Олар жаңа жылдық бағдарламаны дайындап, ата-аналарды, мұғалімдерді жаңа жылдық кешті көруге шақырып қояды.Ата – аналар көрермен ретінде тамашалауға келеді.Кеш соңында ғана тілек айтуға шақырылады

Администратор 2017-04-01

docx

Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық

Ұрпақ демекші Мұхтар Әуезов атамыздың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзіне тоқталатын болсақ, ең әуелі баланың тәрбиелі болуы мен бойындағы бар қасиетіне әсер ететін ол – ата-анасы, одан кейін қоғам десем, әсте қателеспес болармын. Қоғам деген сөздің астарында бала-бақша, мектеп, көше тәрбиесі, жоғарғы оқу орны, араласатын ортасы, жастар ұйымдары т.с.с қоғамның кезеңдік бөлімдері жатады. Соңғы аталған жастар ұйымдарына тоқтала кетсек, алысқа бармай-ақ қояйық, кеңес үкіметі кезіндегі «жарқын болашақ» - коммунизмді орнату идеясына ешбір алаңсыз сеніп өскен «октябряттар», «пионерлер», «комсомолдар» сияқты жасөспірімдер мен жастар ұйымдары КСРО үшін үлкен жұмыстар атқарғаны тарихтан белгілі

Администратор 2017-04-01

doc

Жыл басы - Наурыз!

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан « Наурыз тойы – дәстүрлі мереке » атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Администратор 2017-04-01

doc

Ішкі жауларымызға күресті жариялайық

Қазақ халқының ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов айтқандай: «Төзім тамаша қасиет, бірақ ұзақ төзуге уақыт жоқ» дегендей, адамзатты билеп, төстеп алатын, өте нашар, адамгершілік принциптерін құртатын мынадай ішкі жауларымыз бар. Олар: «қорқақтық», «немқұрайлық», «сенімсіздік», «іштарлық», «тұрақсыздық», «уайымшылдық». Міне құрметті ағайындар біздер ең алдымен осындай болашаққа кері әсерін беретін, адамзатты регресс пен негативті жағдайларға шақыратын ішкі жауларымызбен күресуіміз қажет.

Администратор 2017-04-01

doc

Көңілді карнавал

Музыка ойнап тұрады. Қоян шығады.Ол көңілді күйде секеңдеп, билеп ән салып келеді.

Байғалиева Бақытжан Қадырқызы 2017-04-01